Тәртіп сақшыларының ат салысуымен ұйымдастырылған концертке аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдер және облыс тұрғындары шақырылды.
Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «2018 жыл – бақытты балалық шақ» жылы болып жарияланған болатын. Аталмыш имидждік жоба қоғамдағы балаларға қатысты жасалатын заңсыз әрекеттердің жолын кесу, оларға қолдау көрсету қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 400-ге жуық бала жиналды. Залдағы көңіл-күй жылы әрі шырайлы болды. Музыка басталғаннан кейін жас көрермендер әннің ырғағымен әншіге қосылып ән шырқап, би биледі.
Балалар мерекелік көңі-күйге бөленді.
Концерттің соңында Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшылығы осы жобаға қолдау білдіргені үшін Бейбіт Қорғанға алғыс айтып, Алғыс хат табыстады. Концерттен кейін балалар өздерінің сүйікті әншісімен естелікке суретке түсті.