Бас хатшы Бағдад Әміреев 2019 жылғы 1-2 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы отырысы аясында Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен екіжақты кездесу өткізді.
2018 жылдың 3 қыркүйегінде Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің 6-шы саммиті барысында Өзбекстан Республикасының Президенті, жоғары мәртебелi Шавкат Мирзиёевтiң атап өткен мәселелерге тоқталған Бас хатшы, Сыртқы істер министріне тауар айналымын ұлғайту, түркітілдес мемлекеттердің жеке секторлары арасындағы институционалдық байланыстарды орнату, сондай-ақ, шағын және орта кәсiпорындарға берiлген қаржы ресурстарын әртараптандыруға бағытталған, Түркі кеңесінің, әсiресе, экономика саласында атқарып жатқан бастамалары туралы айтты.
Осы тұрғыда тараптар, Өзбекстанның, Шавкат Мирзиёевтiң бастамасымен биыл Ташкентте өтетiн Түркі іскерлік кеңесінiң кезектi отырысы мен түркiтiлдес мемлекеттердiң жыл сайынғы бизнес-форумы сияқты Түркi кеңесiнiң маңызды іс-шараларына қатысуы туралы пікір алмасты. Бас хатшы Әмiреев Сыртқы істер министрі Камиловты Бірлескен түркі сауда-өнеркәсіптік палаталарын құру жөнінде хатшылықтың iстеп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.
Түркі кеңесінің жұмысында байқалып отырған динамикалық үрдістердің Өзбекстан үшін үлкен қызығушылық тудыратынын жеткiзген Сыртқы істер министрі Қамилов, Өзбекстанның осы үдерістің бір бөлігі болуға және, экономика саласына басымдық берiлгенiн де атап өтiп, өзара мүдделер негiзiнде ынтымақтастықты дамытуға дайын екенiн айтты. Министр осы бастамалар аясында ынтымақтастық мүмкіндіктерін әрi қарай қарастыру мақсатында Бас хатшыны Ташкентке шақырды.
Аталған кездесуге Жоба директоры Өзге Пан да қатысты.