Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Бақтияр Мәкен: Ауылдық жерлердегі кәсіп­­керлікті дамыту ісіне баса назар аударылды

958 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде елдің мұң-мұқтаждығына, күн тәртібінде тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге баса мән берілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасында әлеуметтік саясатқа баса назар аударды. 

Бақтияр Мәкен: Ауылдық жерлердегі кәсіп­­керлікті дамыту ісіне баса назар аударылды

Көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақымен, оларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуына жағдай жасау жаңаша серпін аларына сенімдімін. 

Елбасы съезде сөйлеген сөзінде еліміз бойынша өмір сапасын жақсартуға ба­ғыт­тал­ған өңірлік саясатты жүзеге асы­ра бастау қажеттігін ерекше атап өтті. Шынымен де, Ел­басы айт­қандай, бізде өңір­лер­дің дамуында айтар­лықтай айыр­ма­шылықтар байқалады. Не­лік­тен бір облыстарда жолдар жақсы, ал басқаларында жаман? Неліктен бір жерлерде ТКШ тұрақты жұмыс істейді, екіншілерінде дәл ондай емес? Бұл сауалдарды сайлаушыларымыз бізге де жиі бағыттайды. Енді, міне, Елбасы халықты шынымен мазалайтын мәселелерге басымдық берді. 

Президент, осы орайда, шын мәнінде жұмыс істейтін, адам­­дардың проблемаларын бі­ле­тін және шешетін әкім­дер бар ек­ен­­дігін, сондай-ақ ха­­лық­пен кез­десулерден ат-то­нын ала қа­шатын және өңір хал­қы­ның қажеттіліктері мен мұқ­таж­дық­тарына жүрдім-бардым қарай­тындары да кездесетіндігін айтты. 

Сондықтан да алдағы уа­қ­ыт­­та аймақтардағы бар­лық дең­гейдегі әкімдердің жауап­кершіліктерін күшейте отырып, ауыл­дық елді мекендердің инфра­құрылым­дарын жаңғыр­ту ісіне баса мән берілмек. Оған қоса, ауылдық жерлердегі кәсіп­­керлікті дамыту ісіне де баса назар аударылды.

Сайып келгенде, Прези­денттің бұл жолғы тапсырмалары мен еліміздегі басты сая­си партияның бағдарламасы халық­тың әлеуметтік саладағы мәсе­лелерінің оң шешімін табуына әсер етері сөзсіз. 

Бақтияр МӘКЕН,
Мәжіліс депутаты