«2018 жылғы 18 қаңтарда Елбасының төрағалығымен өткізілген «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейлі брифинг біздің Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысымыздың шарықтауы болғаны сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде алғаш рет төрағалық етті және Кеңестің ресми отырыстары залында мемлекеттік тілде сөз сөйледі.
Қазақстанның тәжірибесі негізінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзін ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуда сенімнің ерекше рөліне арнауға шешім қабылдап, сол арқылы ядролық қарудан азат әлемніңстратегияық мақсатының қол жетімділігін атап көрсетті» деді Бейбіт Атамқұлов.
Қазақстан басшысы төрағалық еткен отырыс өзара түсіністік атмосферасында өткен және Корей түбегіндегі жағдайды қоса алғанда, осы заманғы өзекті сын-тегеуріндерді сапалық жағынан жаңа тұрғыда қарауға мүмкіндік берген Қауіпсіздік Кеңесінің аздаған іс-шараларының бірі болған.Министрдің айтуынша, бұл Президенттің саяси көрегендігін және оның айрықша бітімгершілік әлеуетін тағы бір рет айқындады.
Талқылау қорытындылары бойынша министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының қақтығыстардың алдын алу және шешу шараларына жаппай қырып жою қаруын таратпау тақырыбы алғаш енгізілген Төраға Мәлімдемесінің қабылдануына қол жеткізген