Кездесуде аймақ басшысы облыста Бибісараның атынан шаxмат мектебін ашып, осы спорттың аймақта өркендеуіне күш салатындығын, сондай-ақ, Каспий жағалауы елдерінің шахматтан халықаралық турнирін өткізуге дайын екендіктерін жеткізді.
2018 жылдың күзінде Бибісара Асаубаева жылдам шахмат бойынша халықаралық шахмат турниріне және Ақтаудағы шахмат ашық чемпионатына қатысып, үздіктердің қатарынан көрінді.
Наурызда Астанада Әлемдік командалық шахматтан әлем чемпионаты өтеді, оған әлемнің 14 елінен ең күшті командалар қатысады. Мамандардың айтуынша, мұндай дәрежедегі іс-шара Қазақстанда тұңғыш рет өткізілмек. Әр елден ең мықты төрт ойыншыдан болады. Маңғыстау облысының өкілі ретінде Қазақстан құрамасының тізімінде Бибісара Асаубаева бар.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы