Оппозиция шегінуге мәжбүр болды
Сейсенбі, 31 қаңтар 2012 7:05
Сирияның үкіметтік әскері бұрын оппозицияның қолына көшкен Дамаскінің шығыс жақ шетінде бақылау орнатты.
Сирияның ерікті армиясы тактикалық шегініс жасады, режім күштері қаланың шет аймағына бақылау орнатып, жаппай тұтқындаулар жүргізуде, деп хабарлаған Рейтер агенттігі Сирия үкіметіне қарсыластар өкілдеріне сілтеме жасай отырып. Соңғы уақыттары үкімет әскері мен оппозиция арасындағы ұрыстар Дамаск қаласының жақын жерінде жүрген болатын. Осы орайда Араб мемлекеттері лигасының осы елдегі бақылаушылық миссиясын тоқтатқанын да айта кету қажет.
Сейсенбі, 31 қаңтар 2012 7:05
Сирияның үкіметтік әскері бұрын оппозицияның қолына көшкен Дамаскінің шығыс жақ шетінде бақылау орнатты.
Сирияның ерікті армиясы тактикалық шегініс жасады, режім күштері қаланың шет аймағына бақылау орнатып, жаппай тұтқындаулар жүргізуде, деп хабарлаған Рейтер агенттігі Сирия үкіметіне қарсыластар өкілдеріне сілтеме жасай отырып. Соңғы уақыттары үкімет әскері мен оппозиция арасындағы ұрыстар Дамаск қаласының жақын жерінде жүрген болатын. Осы орайда Араб мемлекеттері лигасының осы елдегі бақылаушылық миссиясын тоқтатқанын да айта кету қажет.
СӘТСІЗ АЯҚТАЛҒАН СЫНАҚ
Израильдің ұшқышсыз ұшатын «Эйтан» ұшағы жаңа технологияларды сынақтан өткізу кезінде апатқа ұшырады.
Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясы жоғарғы қарулы күштерінің командашысы Идо Нехуштан Илан Рамон атындағы VI халықаралық ғарыш конференциясында сөйлеген кезінде хабарлаған. Ол тергеулер жүргізіліп, авиаапаттың нақты себебінің анықталатынын атап көрсеткен. «Эйтан» әлемдегі ең үлкен ұшқышсыз ұшатын ұшақ болып саналады. Сарапшылардың хабарлауынша, осынау жаңа құрылғының апатқа ұшырауы 5 миллион доллар шығын әкелген.
ҚОЗҒАЛЫС ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Окленд полициясы тұтқындаған «Уолл-стритті басып ал» қозғалысы ереуілшілерінің саны 400 адамға жеткен.
«Оклендті басып ал» қозғалысына қатысушылар бұрын иесіз қалған бір ғимаратты басып алып, онда өздеріне офис жасайтынын және үйсіздер проблемасына назар аудартатынын айтқан болатын. Окленд полициясымен қақтығыс әлеуметтік теңсіздік пен байларға салынатын салыққа қарсы наразылық білдіретін қозғалысқа қатысушылардың жалпы халықтың назарын өзіне аудару тұрғысындағы биылғы жылғы алғашқы талпынысы.
ЕУРООДАҚТЫ ШӨМІШТЕН ҚЫСПАҚ
Иран парламенті Еуроодақ елдеріне мұнайдың кез келген түрінің экспортына 5 жылдан 10 жылға дейін тыйым салмақ ниетте.
Парламенттің энергетика жөніндегі комитетінің мүшесі Эмад Хоссейнидің хабарлауынша, әзірге заң жобасы әзірлену сатысында, дегенмен, Еуроодаққа кем дегенде 5 жылға мұнай экспортына тыйым салу жоспарланып отыр. Біз жаудың санкциясына қарсы өз санкциямызбен жауап қайтаруға тиіспіз, деп атап көрсеткен Иранның ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Мохаммед Карид Абеди.
ШЕТЕЛДІКТЕР КЕПІЛДІККЕ АЛЫНУДА
Суданның қауіпсіздік күштері елдің Оңтүстік Кордофан штатында ереуілшілер өткен сенбіде қолға түсірген 14 қытайлық жұмысшыны босатты.
Штат әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ереуілшілер жол салып жатқан Қытай компаниясы қызметшілері орналасқан лагерьге шабуыл жасап, 35 қытайлық жұмысшы мен инженерді алып кеткен. Кейбір мәліметтер бойынша ереуілшілердің қолына 70-ке тарта Қытай азаматтары түскен көрінеді. Әскерилер кепілдікте қалған өзге қытайлықтарды босату үшін талпыныстар жасауда, деп мәлімдеген штаттың губернаторы.
БЕЙБІТ КЕЛІССӨЗДІҢ БЕРЕРІ ҚАНДАЙ?
Ауғанстан үкіметі Сауд Арабиясында Талибан қозғалысы өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлаған Би-Би-Си агенттігі.
Тұңғыш рет өткелі отырған бейбіт келісімдер талибандар Катарда өз өкілдігін ашқанға дейін өтуі тиіс. Осыған дейін тәліптер Хамид Карзай басшылығын заңсыз деп есептегендіктен Ауғанстан үкіметімен қандай да бір келіссөз жүргізуден бас тартып келген болатын. Тұңғыш рет өткелі отырған келіссөздерге Сауд Арабиясы араағайындық өзінің игі септігін тигізбек.
АҚШ-тағы АВТОМОБИЛЬ АПАТЫ
АҚШ-тың Флорида штатында орман өрті салдарынан ірі автомобиль апаты орын алған.
Өткен сенбі күні тұман мен жағалай жайылған түтіннің әсерінен бірден 16 мәшине соқтығысып, соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 18 адам ауруханаларға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы Гейнсвилль қаласы маңында орын алған. Апат салдарынан полицияға осы жолдағы қозғалысты тоқтатуға тура келген. Мәлім болғанындай, 10 жеңіл автомобиль мен 6 жүк көлігі соқтығысқан көрінеді.
СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ПАРАДҚА ДАЙЫНДАЛУДА
Солтүстік Кореяда сәуір айында Ким Чен Ир қайтыс болғаннан кейін алғашқы әскери парад өтпек.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, КХДР-да бірнеше айдан бері парадқа дайындық жүргізілуде. Әскери техниканың қатысуымен өтетін парад елдің негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл, әскердің құрылғанын 80 жыл толуына орайластырылмақ. Ал олардың көршілері – Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі бұл жәйтке байланысты ешқандай түсінік бермеген көрінеді.
БАНГЛАДЕШТЕГІ НАРАЗЫЛЫҚ КҮНІ
Оппозиция жақтастарының шеруі Бангладештің бірнеше қаласында полициямен қақтығысқа соқтырып, одан 3 адам қаза тауып, 100-ден астам адам дене жарақаттарын алған.
Бангладеш ұлттық партиясының белсенділері мен олардың одақтастары – Жамат и Ислам исламистік саяси партиясы елдің премьер-министрі Хасин Вазеданың саясатына қарсы шыққан. Оппозиция қазіргі үкімет билікте тұрғанда елде сайлау өткізуге қарсы. 29 қаңтарды оппозиционерлер ұлттық наразылық күні деп жариялап, оның арты ондаған қалалар мен елді мекендерде полициямен қақтығыстарға ұласқан. Оппозицияның айтуынша, полицейлер 1 мыңнан астам белсенділерді қамауға алған.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.