Бүгін Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Түркістан қаласын жан-жақты дамыту туралы аппарат мәжілісі өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен таныстырды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қаланың жалпы дамуына көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа ауқымды жобалар жолға қойылды. Қаланың қазіргі таңдағы жер аумағы 19,6 мың гектарды, халық саны 165 мың адамды құрап отыр. Бас жоспарға сәйкес қала құрылысы мен сәулеті үш бағытта жүргізілетін болады. Бірінші 88,7 гектар жерге орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы «Тарихи аймақты» қайта жаңғырту. Екінші 98 гектар құрылысы реттелетін аумағында «Рухани мәдени орталықты» дамыту. Үшінші 750 гектарды құрайтын әкімшілік-іскерлік орталығын салу», – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, шаһар басшысы мемлекет мұқтаждығы үшін алынып жатқан жер телімдері мен қаланың инфрақұрылым, жылу, газ, ауыз су жүйесінің жайына тоқталды.
Жиында облыстық құрылысы басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстар жайын баяндады.
«Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес 29 нысанның құрылысы өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеріне бекітілген. Атап айтқанда: Әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан, рухани-мәдени орталығында 9 нысан және тарихи-мәдени орталығында 3 нысан. Барлығының жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, жер қазу жұмыстары аяқталып, іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Ал тұрғын үй қамту бойынша Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, «Отырар» мөлтек ауданында көпқабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2019 жылдың мамыр айында 11 үйді, ал қалған 9 үйді ІІ-жарты жылдықта пайдалануға беру жоспарлануда. Одан бөлек 20 көпқабатты тұрғын үйлердің ЖСҚ дайындалып, сараптамаға ұсынылуда. «7-20-25» бағдарламасы аясында 6 көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беру көзделуде», – деді Тоқтар Оразұлы.
Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Тілегенов облыс орталығындағы жол құрылысымен таныстырды
«2019 жылы 974,2 шақырым жол мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады деп күтілуде. Оның биыл 653,2 шақырымы пайдалануға берілетін болады. Ал Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, көшелердің 21,3%-ы ғана қанағатты жағдайда», – деді басқарма басшысы.
Түркістан қаласының жай-күйі жайлы баяндамаларды тыңдаған облыс басшысы шаһардағы тазалық, кәріз және су жүйелері мен жол сапасын сынға алып, мәселені тездетіп шешуді тапсырды.
«Түркістан қаласының инфрақұрылымдық жүйелері сын көтермейді. Қалдық суды ағызу, жылу, ауыз су және газбен қамту жүйесін жасамай, қаланы дамыту мүмкін емес. Сапалы жолмен қамту өзекті болып отыр. Жылына 10 шақырымдай жолды жөндеумен ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бес жылдық жоспар түзіп, Түркістандағы бұл мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Сондай-ақ, облыс орталығының тазалығын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жандандырылып, қатаң бақылауға алыну қажет. Көгалдандыру жұмыстары жылдам жүруі тиіс. Әрбір аудан, қаладағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, қала тазалығы үшін автокөліктерді жуатын көлік жуу бекеттерін ашу қамтамасыз етілсін. Бұл тапсырмалардың орындалуы бойынша нақты жауап күтемін», – деді Өмірзақ Естайұлы.
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Бүгін, 11:25
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 11:04
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Вакцина өндірушісіндегі өрт бес адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 10:53
Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады
Экология • Бүгін, 10:51
Қазақстанда қанша адвокат бары айтылды
Қазақстан • Бүгін, 10:44
Өткен жылы алименттен жалтарғандардан 76 пәтер мен 62 көлік өндірілген
Қазақстан • Бүгін, 10:36
Алматының телемедицина орталығы КВИ жұқтырғандарға тәулік бойы көмек көрсетеді
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Энергетика министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:28
Атқарушылық сот құжаттары біріздендірілді
Қоғам • Бүгін, 10:25
Белгісіз адамдар Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда
Қоғам • Бүгін, 10:24
Зергерлік бұйымдар нарығының жұмысына маңызды қадам жасалды
Әлем • Бүгін, 10:23
Карантин талаптарын бұзудың 27 мыңнан астам фактісі анықталды
Қазақстан • Бүгін, 10:19
Қазақстанда сарбаздарды SMS-хабарлама арқылы әскерге шақыратын болды
Қазақстан • Бүгін, 10:07
Алматыда онкологиялық ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірі құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:05
ҮЕҰ арналған гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды
Қоғам • Бүгін, 10:04
«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты адалдық сағаты өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 09:50
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:47
Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:45
Коронавирус жұқтырған 25 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Білім • Бүгін, 09:35
Ералы Тоғжанов Қордай ауданындағы жұмыс барысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 09:28
Елімізде тағы 1076 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:24
Спорт • Бүгін, 09:19
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:15
Қазақстанда өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 08:46
Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)
Оқиға • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:42
Бәрін бүлдіретін – «бейресми жол»
Саясат • Бүгін, 08:40
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Вакциналау пандемияны ауыздықтай ала ма?
Коронавирус • Бүгін, 08:37
Өнер • Бүгін, 08:23
Ташкентте жарық көрген «Терме»
Руханият • Бүгін, 08:22
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Саясат • Бүгін, 08:10
Экономика • Бүгін, 08:07
«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 08:05
Нарық үшін нағыз бәсеке енді басталады
Экономика • Бүгін, 08:05
Байден билігі: «Үмітке толы күн»
Әлем • Бүгін, 08:03
Қазақ журналистикасының қара нары
Қоғам • Бүгін, 08:00
Ұлт қасіретін арқау еткен туынды
Кино • Бүгін, 07:57
Саясат • Бүгін, 07:54
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?
Ауыл • Бүгін, 07:52
ЕО-ЕАЭО: Еуроодақпен ынтымақтастықты дамытудан ұтарымыз көп
Саясат • Бүгін, 07:50
Әлем • Бүгін, 07:46
Пікір • Бүгін, 07:45
Ойыл өзенінің орнын сипап қалмайық
Қоғам • Бүгін, 07:41
Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды
Әлем • Бүгін, 07:40
Қоғам • Бүгін, 07:37
Қауіпті індет «құтыра» бастады
Қоғам • Бүгін, 07:35
Оқиға • Бүгін, 07:34
Таным • Бүгін, 07:33
Наурыз Қылышбаев: Қазақ әлемге қаласымен емес, киелі даласымен танылған
Сұхбат • Бүгін, 07:31
Жүргізушілер қуанатын күн жақын (Сенат маңызды заң жобаларын қабылдады)
Парламент • Бүгін, 07:31
Абай • Бүгін, 07:26
Бокс • Бүгін, 07:25
Әлем • Бүгін, 07:24
Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Футбол • Кеше
Қазақстан мен Қытай елшілері келіссөз жүргізді
Саясат • Кеше
Сергей Лавровқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді
Қазақстан • Кеше
«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда карантинді бұзғандарға 3,5 млн теңге айыппұл салынды
Президент • Кеше
«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Түркістанда 72 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар