Аймақтар • 05 Наурыз, 2019

Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогі мен еліміздің ашық біріншілігі басталды

991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогінің бірінші кезеңі мен ел біріншілігі басталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогі мен еліміздің ашық біріншілігі басталды

Турнирге жалпы есебі 150 спортшы қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының үздіктері де бар.

Елішілік жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Алматы облыстарының мергендері бақ сынап жатыр.