Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

«Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейін» атты конференция өтеді

777 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының ұйымдастырумен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл іс-шара  «Егемен Қазақстан» газетінің жарық көргеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылғалы отыр.

Газеттің қалыптасу, даму жолында қолтаңбасы қалған қайраткерлер, дереккөздер мен газеттің бүгінгі беттері туралы сөз болмақ.  

Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне ұсынылған форма бойынша өтініш 5-7 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрдегі мақала мәтіні, баяндамалар жинағына мақала авторының jpg форматындағы суреті, өзі туралы қысқаша мәлімет (биография) жолдау қажет.

Ресми өтініш пен мақала (тек қана бекітілген файлда) sirekqor@mail.ru электронды мекен жайына жіберілуі керек. Файлдың атауы автордың (немесе бірінші автордың) тегіне сәйкес келуі шарт. Егер ұсынылған материалдар рәсімдеу талаптарына және конференция жұмысының белгіленген бағытына сәйкес келмесе, Ұйымдастыру комитеті өтінішті қабылдамауға құқылы.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемі 5-7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Мәтін шрифті «Times New Roman», 14.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы - 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір, жаңа жол шегінісі (абзацный отступ) - 1 см. Беттер нөмірленбейді, тасымалдар қойылмайды.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы (тақырыптың соңына нүкте қойылмайды), оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, лауазымы және мекеменің толық атауы қысқартылмай, жақша ішінде – қала, мемлекет жазылуы тиіс.

Әрі қарай, төменде кілтті сөздер және түйіндеме (резюме) ағылшын тілінде, одан әрі кілтті сөздер және түйіндеме (резюме) мақала тілінде (қазақ немесе орыс тілдерінде, 8-10 жол, 70-90 сөз). Содан кейін мақаланың мәтіні жалғасады. Мақала мәтінінде суреттер, сызбалар, кестелер болмауы тиіс (jpg форматында оларды мәтін бойынша қойылған нөмірге сәйкес жеке тіркеу қажет). Мәтінде суреттің нөмірі тік жақшамен көрсетілуі керек [ил. 1]. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар