11 Ақпан, 2012

Дипломатиялық поштадан кокаин табылды

315 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Дипломатиялық поштадан кокаин табылды

Сенбі, 11 ақпан 2012 8:25

Италия полициясы Эквадор елшілігіне жіберілген дипломатиялық поштадан 40 кило кокаин тапты. Бұл жөнінде Эквадор сыртқы саясат ведомствосының басшысы Рикардо Патино мәлімдеді.

Кокаин салынған пошта эквадорлық театр актері Кристиан Лурға жіберілген. Франс-пресс агенттігінің хабарлауын­ша, Кристиан Лурды полиция ұстаған. Табылған жүкке байланысты актермен бірге тағы бір адам қамауға алынған. Эквадор сыртқы істер министрінің айтуынша, ұсталған екінші адам бұл елдің азаматы емес. Пошта Эквадор астанасына жіберілердің алдында оны жергілікті есірткіге қарсы күрес басқармасы тексеруден өткізген көрінеді.

 

Сенбі, 11 ақпан 2012 8:25

Италия полициясы Эквадор елшілігіне жіберілген дипломатиялық поштадан 40 кило кокаин тапты. Бұл жөнінде Эквадор сыртқы саясат ведомствосының басшысы Рикардо Патино мәлімдеді.

Кокаин салынған пошта эквадорлық театр актері Кристиан Лурға жіберілген. Франс-пресс агенттігінің хабарлауын­ша, Кристиан Лурды полиция ұстаған. Табылған жүкке байланысты актермен бірге тағы бір адам қамауға алынған. Эквадор сыртқы істер министрінің айтуынша, ұсталған екінші адам бұл елдің азаматы емес. Пошта Эквадор астанасына жіберілердің алдында оны жергілікті есірткіге қарсы күрес басқармасы тексеруден өткізген көрінеді.

Бұрынғы диктатор түрмеге ауыстырылды
Рейтер агенттігінің ақпараттарына қарағанда, Панама елінің бұрынғы диктаторы Мануэль Норьега бұдан бірнеше күн бұрын жүрек талмасына ұшырады деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Енді ол түрмеге қайта ауыстырылды.
Панаманың денсаулық сақтау министрі Франклин Вергардың мәлім етуінше, оған алғашында инсульт диагнозы қойылған. Ал тексеру барысында ол анықталмады. 77 жастағы экс-диктатордан дәрігерлер оның қан қысымы жоғарылағанын тапты. Бұрынғы генерал Норьеганың денсаулық жағдайы тұрақты қалыпта. Оның өміріне қатер төніп тұрған жоқ. Ол дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Норьеганың адвокаттары экс-диктатордың ауруханада емделуін қалайды. Мануэль Норьега 20 жылдан астам уақыттан бері темір торда отыр.

Иранға шабуылды кейінге қалдыруды өтінді
Мадоннаның израильдік фанаттары Facebook арқылы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаниягуден Иранға қарсы әскери операцияны әншінің Тель-Авивке келуіне дейін бастамауды өтінді.
Гаарец басылымының жазуынша, Израиль әскери операцияны әншінің концерті жоспарланған 29 мамырға дейін бастайтын болса, ол концертті кейінге қалдыруы мүмкін. Бірқатар БАҚ-тардың ақпараттары бойынша, жақын күндері Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы беруі ықтимал. Осы жылғы ақпанның басында АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Израильдің Иранға шабуыл жасау мүмкіндігі жоғары екенін айтқан болатын.

Жалпы камерада отыратын болды
Украинаның мемлекеттік пени­тен­циарлық қызметі елдің бұрын­ғы премьер-министрі Юлия Тимо­шен­­ко­ның 9 ақпаннан бастап жал­пы камераға ауыстырылғандығын мәлім етті.
Экс-премьер өткен жылдың 30 желтоқсанында Харьков қаласының маңындағы түрмеге әкелінген болатын. Ол Украина мен Ресей арасындағы жасалған газ келісіміне байланысты 7 жылға сотталған. Сонымен қатар, экс-премьерге 90-шы жылдары 4,7 миллион гривень салық төлеуден жалтарды деген де айып тағылып отыр.

Жаңа екі атом реакторын салады
Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ екі атом реакторының құрылысын бастамақ. Бұл жоба 1978 жылы қуатталған көрінеді.
Жаңа атом реакторлары Джорджия штатында орналасқан қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған «Вогтль» атом электр стансасында тұрғызылатын болады. Оларды тұрғызуға жалпы көлемі шамамен 14 миллиард доллар қаржы жұмсалады. Ал реакторларды іске қосу 2016 және 2017 жылдарға жоспарланған. АҚШ-та атом реакторларын салу 1979 жылдан бері тоқтатылған екен.

Экс-кандидат есін жинады
Оңтүстік Осетияның президенттігіне бұрынғы кандидат Алла Джиоева кеше ұлықтау рәсімін өткізуі тиіс еді. Оппозиция басшысының бұл әрекеттеріне жергілікті құқық қорғау органдары жол бермеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан ақпараттарына қарағанда, 9 ақпан күні кешкісін Джиоеваның штабына бетперде киген қарулы адамдар басып кірген. Олар штабтағы оппозиция өкілдерін соққыға жыққан. Олардың ішінде Алла Джиоева да болған көрінеді. Таяққа жығылған ол есінен танып, ауруханаға жеткізілген. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, ол кеше есін жиды. Жарақаты қауіпті емес.

Қысқа қайырып айтқанда:
* Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласында бірнеше қуатты жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 20-дан астам адам қаза тапты. Олардың арасында әскерилер мен бейбіт тұрғындар да бар.
* Финляндия қорғаныс министрлігі елдің бюджет қара­жа­тын үнемдеу мақсатында қарулы күштерді айтарлықтай қайта құрылымдау қажеттігі туралы мәлімдеді. Сонда қарулы күштер қатарынан 2200-ден астам әскери қызметші қыс­қара­тын болады. Бұл 200 миллионға жуық еуроны үнемдеуге мүм­кіндік береді.
* НАТО-ның Ауғанстан аумағындағы Капис провинциясына әуеден соққы беру салдарынан ондаған адам опат болды. Осыған байланысты Ауғанстан Президенті Хамит Карзай мәлімдеме жасады.
* Румыния мен Нидерланды полицейлері кредиттік карточ­калармен алаяқтық жасады деген күдікпен 17 адамды тұтқынға алды. Тергеушілердің мәліметтері бойынша олар өзге азаматтардың карточкаларын жасап, есеп-шоттарынан 119 миллион долларды жымқырған.
* Солтүстік Корея билігі елдің бұрынғы президенті Ким Чен Ирдің құрметіне тұрғызылған 120 метрлік барельефті ашқандығын хабарлады.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.