14 Ақпан, 2012

Шеруге 100 мың адам қатысты

378 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шеруге 100 мың адам қатысты

Сейсенбі, 14 ақпан 2012 7:24

Грекияда биліктің қатаң экономикалық шаралар қабылдауына қарсынаразылық акциясына 100 мың­нан астам адам шықтыСолардың жүзшақтысы полициямен қақтығысқа барыпқауіпсіздік күштеріқызметкерлерін тастармен атқылады.

Парламент экономиканың қатаң шаралары пакетін мақұлдауы тиіс. Ол бойынша бірте-бірте 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстарынан босатылатын болады. Сондай-ақ Грекия Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық одақтан 130 миллиард еуро көлемінде транш алуы үшін де парламент халық қарсылығына мойынсұнбауы қажет. Транш алынбаған жағдайда Грекия дефолт жариялауы әбден мүмкін.

 

Сейсенбі, 14 ақпан 2012 7:24

Грекияда биліктің қатаң экономикалық шаралар қабылдауына қарсынаразылық акциясына 100 мың­нан астам адам шықтыСолардың жүзшақтысы полициямен қақтығысқа барыпқауіпсіздік күштеріқызметкерлерін тастармен атқылады.

Парламент экономиканың қатаң шаралары пакетін мақұлдауы тиіс. Ол бойынша бірте-бірте 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстарынан босатылатын болады. Сондай-ақ Грекия Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық одақтан 130 миллиард еуро көлемінде транш алуы үшін де парламент халық қарсылығына мойынсұнбауы қажет. Транш алынбаған жағдайда Грекия дефолт жариялауы әбден мүмкін.

СИРИЯҒА БІТІМГЕРШІЛЕР ЕНГІЗУГЕ ШАҚЫРДЫ

Араб мемлекеттерінің лигасы (АМЛ) Каирде жексенбі күні өткен кеңес қо­ры­тындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Ке­­ңесіне Сирияға бітімгершілер контин­ген­­­тін енгізуге шақырған қарар қабылдады.

Қарарда, сонымен қатар, жұмыс істеуге жағдайдың жоқтығына байланысты Сирияда АМЛ байқаушыларының миссиясы өз жұмысын аяқтай­тыны айтылады. Қазір 24 ақпанда Тунисте «Сирияның достары» кездесуін өткізу туралы шешім қабылданған. Бұл уа­қыт­ша бірлестік құру идеясы Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша қарарына тосқауыл қойғаннан кейін пайда болған еді.

РЕСЕЙ ЗЫМЫРАН КЕШЕНІН КӨБЕЙТЕДІ

Ресей қорғаныс министрлігі елдің шекара аудандарына С-400 зениттік-зымырандық кешенінің (ЗЗК) жаңа партиясын орналастыру туралы шешім алды. Бұл жөнінде Ресей әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы Александр Зелин мәлімдеді.

Үстіміздегі жылы алғашқы ЗЗК-ні Батыс әскери округі алып, Калининград облысына орналастырады деп жоспарланған. Қазіргі кезде Мәскеу түбіндегі Электросталь мен Дмитровте С-400-дің екі полкы тұр. Ал 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада ЗЗК-нің тағы 56 дивизионын сатып алу көзделген. Оның жалпы құны 23 триллион рубльді құрайды.

БЕРДЫМҰХАМЕДОВ 97 ПАЙЫЗ ДАУЫС АЛДЫ

Түркіменстанда өткен прези­дент­­­тік сайлауда іс ба­сын­дағы президент Гурбангулы Бердымұхамедов сай­лау­шылардың 97 пайыздан астам дауысын жинаған. Дау­­ыстарды алдын ала есептеу нәтижесі осыны көрсеткен.

Президенттік сайлауға барлығы 8 кандидат қатысқан болатын. Ал сайлаушылардың сайлауға қатысу көрсеткіші 96 пайыздан астамды құраған. Президент Г.Бер­дымұхамедовтің өзі сайлау учаскесіне әкесімен, ұлымен және немересімен бірге келіп, алғашқылар қатарында дауыс берген. 2007 жылғы сайлауда Г.Бердымұ­ха­медов 90 пайыз дауыс жинаған болатын.

ТҰҢҒЫШ РЕТ ОРТАҚ ҮМІТКЕР ШЫҚТЫ

Өткен жексенбі күні Венесуэлада ел тарихында алғаш рет оппозиция праймериз өткізді. Оппози­ция­лық коалициядан президенттікке кандидат 62 пайыз дауыс жинаған Миранда штатының губернаторы Энрике Каприлес болды.

Оның бәсекелесі Пабло Перес 30 пайыз дауыс алған. Нәтижелер жарияланғаннан кейін Каприлестің штаб-пәтеріне оның мыңдаған жақтастары жиналып, жеңісін  тойлаған. Праймериз  шаңберінде оған шамамен 3 миллиондай адам қатысқан. Оппозициядағылар мұны жақсылықтың нышаны деп бағалап, енді 7 қазан күні өтетін президенттік сайлауда да өздерінің жақтастары көп болады деген үмітте отыр.

 

ПӘКСТАН ПРЕМЬЕРІ СОТҚА ТАРТЫЛАДЫ

Пәкстанның жоғарғы соты ел премь­ер-министрі Юсуф Резе Гиланиға сотқа құрмет танытпады деген айып тақты. Үкімет басшысы болса, өзін кінәлімін деп санамайды. Гиланидің айыпталуына іс басындағы президент Асиф Али Зардариге қатысты қылмыстық істің жалғастырылуына ықпал етуден бас тартуы себеп болып  отыр.

Атап айтқанда, ол Швейцарияның сот органдарына сұрау жолдаудан бас тартқан. Тергеу нұсқасы бойынша, 1990-жылдары қазіргі президент пен оның зайыбы Беназир Бхутто Швейцарияға 12 миллион доллар жылыстатып жіберген. Премьер кінәлі деп табылған жағдайда, қызметінен қуылады әрі жарты жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. 

Қысқа қайырып айтқанда:

l Сириядағы АМЛ байқаушылары миссиясының басшысы Мұхам­мед Мұстафа әл-Даби отставкаға кетті. Жаңа басшылыққа Иор­данияның экс-сыртқы істер министрі Әбдел Илах Хатибтің кандидатурасы ұсынылған.

l Иран басшылығы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген ғалым Мостафа Ахмади Рошанның өліміне Әзербайжанды айыптады. М.Рошан осы жылдың 11 қаңтарында бомба жарылысынан қаза тапқан еді.

l АҚШ-та заңсыз тұрып жатқан Өзбекстан азаматы, 22 жастағы Ұлықбек Кодиров АҚШ президенті Барак Обаманы бірнеше мәрте өлтірмек болдым деп қоқан-лоқы жасағанын мойындаған. Ол былтырғы шілде айында ұсталған еді.

l Мәскеудегі үкімет үйі алдында Нижний Тагил тұрғыны Вера Смолина өзін өзі өртеп жіберуге әрекет жасаған. Бүгінде ол ауыр күйік салдарынан өлім үстінде жатыр. В.Смолинаның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірше белгісіз.

l Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында «Самарқандық» шекара заставасы бастығының орынбасары Қанат Дүйшенәлиев атып өлтірілді. Бұл ақпаратты Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратты.

l Тағынан тайдырылған Муаммар Каддафидің ұлы – Саади Кад­дафи өзіне босқын мәртебесі берілген Нигерияда үй қамағына алынып, ұялы телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынды. Ол Ливияда Ұлттық өтпелі кеңеске қарсы жалпыұлттық акция дайындалып жатыр деген арандатушылық мәлімдемесі үшін жазаланды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.