Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Заңсыз үкімдер азайды

1028 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас прокуратурада мемлекеттік айыптауды қолдау саласындағы прокуратура органдарының қызметін жетілдіру перспективалары және өзекті мәселелерді талқылау бойынша конференция өтті.   

Заңсыз үкімдер азайды

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, сондай-ақ өңірлік прокуратуралардың қызметкерлері қатысты. 

Бас прокурор Қайрат Қо­жам­жаров сот төрелігін жүзе­ге асыру жүйесіндегі мем­ле­­кет­тік айыптаушылар инс­­ти­тутының ерекше рө­лін және прокурорлардың адам тағ­дырымен байланысты жо­ғары жауапкершілігін атап өтті.   

Жыл сайын прокурорлар бірінші сатыдағы соттарда 40 мың іс бойынша айыптауды қолдайды.

Жоғарғы Сотпен бірлескен шаралардың нәтижесінде заңсыз үкімдердің күшіне ену фактілері төмендетілді. 

Өткен жылы қадағалау актілері бойынша барлығы 1945 адамға қатысты сот ше­шім­дерінің күші жойылып, өзгер­тілді, бұл 2017 жылмен салыс­тырғанда 54%-ға артық (1263).

Бас прокурордың наразы­лығы негізінде Жоғар­ғы Сот­та 443 тұлғаға қатысты сот акті­лері тү­зе­тілді, соның ішін­де 334 сотт­алған адам­ның жағ­да­йы жақ­сар­тылып, 35 адам ақталды.

Қ. Қожамжаров өз сөзінде, прокурорлар сәйкес келуі тиіс стандарттарға назар аударды: «Мемлекеттік айыптаушы кәсіби білікті болуға міндетті және заңды терең меңгеруі тиіс. Дәлелдемелерді бағалау кезінде жалғыз дұрыс бағытты ұстана білуі керек. Ол жазаның бұлтартпастығының кепілі, ал кінәсізді анықтағанда оның құқығын қорғауы қажет». 

Сондықтан про­­ку­рор­лардың кәсіби дең­ге­йін арттыру мақсатында Бас про­куратура жанындағы ака­демия мемлекеттік айыптау­шыларды оқытудың жаңа бағдарламасы мен әдістемесін әзірледі.

Іс-шара аясында сот риторикасы бойынша тренинг­тер, мемлекеттік айыптау­шылардың біліктілігін арттыру және мамандандыру курстары өтті.

Қатысушылар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­­ламасы аясында қол­да­нылып жатқан «Заңдылық» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. 

Жүйе үкім шығарылғанға дейін қылмыстық жазаны та­ға­­йын­­даудың негізділігін тек­­се­ру­ге, сондай-ақ ұқсас мән-жай­­лары бар істер бо­йын­ша рес­­пуб­ликалық сот тәжі­ри­­­бесін зер­делеуге мүм­кіндік береді.

Кейін прокурорлар Жоғар­ғы Соттың мони­торинг­ орталығында болып, «Төре­лік» АЖ қызметімен және сот отырыстарында элек­т­рон­дық қылмыстық істі қарау­ ерекшеліктерінің тәжірибелік аспектілерімен танысты. 

Іс-шараның қортын­дысымен Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заң­дылығын қадағалаудың тиім­ділігін арттыру жөніндегі жос­пар әзірленді.

«Егемен-ақпарат»