Мен бұл шараларды жаһандық ауқымда мұқият зерттеп келемін. Осы орайда Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша әзірленген «Нұр Отан» партиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасы көңілімді ерекше аударды. Бұл жерде әлемдік қаржы дағдарысының әсеріне қарамастан әлеуметтік мұқтаждықтар үшін Ұлттық қордан көп қаржы бөлу туралы батыл шешім қабылданғанын атап көрсеткім келеді. Сонымен қатар Қазақстан экономикасының дамуы ел тұрғындары әл-ауқатының артуымен өлшенетіні маңызды. Яғни, қазақстандықтардың табысы мен тұрмысының деңгейі экономикалық саясаттың негізгі көрсеткіштеріне айналады.
Жалпы, әлеуметтік саладағы проблемалар барлық елдерде кездесетінін атап өткім келеді. Осы тұрғыда Қазақстан соңғы жылдарда өз азаматтарына көмек пен қолдау көрсету үшін қыруар қаржы бөлуде. Әлеуметтік қолдау үшін бөлінген сомалар көлемі ІЖӨ-ге елеулі пайыздық қатынасын білдіреді. Бұл сөзіміз аталған бағдарламаның мазмұнымен расталады. Сонымен бірге Қазақстан Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыруға қатысты жеке бақылауды күшейте түсетін жаңа тетіктер пайда болды. Бұған қоса, кәсіби жергілікті басқару, отбасы институтын жүйелі қолдау және қоғаммен кері байланыс жүйесін нығайту мәселелеріне баса назар аударылып отыр.
Иржи ШИМА,
«Азия достары» клубының жетекшісі, шығыстанушы, профессор (Чехия)