Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Ауыл тұрғыны Lam­bor­­ghini құрастырды

1102 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел ішінде ескі дүниелерден ерекше зат құрастырып шығаратын өнертапқыштар бар. Олар өздерінің жұмыстарын жарнамалауға құлықсыз болғанымен, өнертапқыштың туындыларына көпшіліктің қызығушылықпен қарайтыны рас. Жуырда Шу ауданы Д.Қонаев ауылының тұрғыны Мея Тафиков Lamborghini көлігіне ұқсас көлік құрастырып шығарды. Қымбат машинаға ұқсас гибрид көлікке 67 жастағы өнертапқыш «Фидана» деген атау беріпті. Қарапайым тұрғын бұл көлік түрін жасауға әртүрлі ескі көліктердің бөлшектерін қолданған.

Ауыл тұрғыны Lam­bor­­ghini құрастырды

Сырт пішіні кәдімгі Lam­bor­­ghini көлігіне ұқсас техни­ка бүгінгі таңда көптің қызы­ғу­шы­лы­ғын тудыруда. Өнертапқыш бұл көлікті құрас­тыруға тоғыз жыл уақыт жұмса­ған екен. Қаз­ір­гі кезде жүр­уге жарап тұр­ған көлік тек құ­жаттары болма­ған­­дықтан ға­на аулада тұр. Жас күнінен ра­диотехника мен элек­тро­ни­каны меңгерген Мея Тафи­ков аталған көліктің барлық бөл­шегі қолдан жасалғанын ай­та­­­ды. Сонымен қатар зейнет жас­ына жақындағанда түрлі көлік­терді құрастыруға құмарт­қан өнер­тапқыш өзі атау берген «Фидана» көлігінің сызбасынан бастап сырлауына дейін өзі жасап шық­қан. Енді спорт көлігінің сало­нын сәндеу жұмыстары қа­лып­ты.

Шулық өнертапқыш бұл кө­лік­ті әуелі ұша­тын етіп жаса­ғы­­сы келген. «Оны жасауға да болатын еді. Бірақ оған көп қара­­жат кетеді. Әрі құжат жинау­ға қиналамын», дейді өзі. Бар­лық бөлшегі қолдан жасалған кө­лік­тің электроникасы мен моторына дейін жаңартылған. Сонымен қатар онға тарта көлік­тің бөлшектері бар екен.

Жалпы, Мея Тафиков кө­лік құрас­ты­ру­дың техникасын меңгеріп, құпиясын зертте­ген адам. Бұлай дейтініміз, авто­кө­лік шебері өткен ғасырдың жетпі­сінші жылдары алғаш рет өз кө­лі­гіне алыс­тан басқаратын пульт ойлап шығарған. Тіпті ол ауыл тұрғындарына баламалы энергия алатын генератор орнатумен де айналысқан. Алайда, өнертапқыш құжат жинауға құлықсыз екенін айтады. Енді тоғыз жыл бойы маңдай терін төгіп құрастырған көлі­гі­нің игілігін көруге тек осы құжат қана кедергі болып тұр­ған көрінеді. Әлі де қайраты қайтпаған Мея Тафиков үнемі ауылдастарын таңғалдырумен келеді. Өнертапқыштың әрбір жаңалығын ауылдастары да аңызға бергісіз әңгіме қылып айтады. Тек қана алға ұмтылып, жаңашылдықты көздейтін өнер­тап­қыш болашақта спортқа ар­нал­­ған жүк көлігін жасауға ниет­ті екен.

Хамит Есаман, 

«Egemen Qazaqstan»

Жамбыл облысы