Оқиға • 01 Сәуір, 2025

Семейдегі әлімжеттік: Оқушылардың ата-анасы жазаға тартылды

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық соты Семейде қатарластарын ұрып-соғып, ел арасында үлкен резонанс туғызған жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейдегі әлімжеттік: Оқушылардың ата-анасы жазаға тартылды

Фото: Жоғарғы Сот

Сот оларды ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп тауып, әкімшілік жазалар қолданған.

Сот шешімімен ата-аналардың бірі бес тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Тағы төрт ата-ана 78 640 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

«Ата-аналар өз балаларының мінез-құлқына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген. Сот барлық мән-жайларды ескере отырып, тиісті шешім шығарды», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында әлеуметтік желілерде бір топ оқушының басқа бір баланы аяусыз ұрып-соғып жатқан видеосы тараған еді. Жауапқа тартылғандардың арасында ұлдар мен қыздар да болған.

Бұған дейін сот жасөспірімдерге қатысты талап арыздарды қараған еді.

13 және 16 жастағы екі қыз арнайы мектепке жіберілген. Олар бұрын да заң бұзғаны анықталған, мысалы, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкен. 13 жастағы ұл бала да арнайы мектепке жіберілген, себебі ол екі ай ішінде екі рет қылмыс жасаған.

Ал үш баланың қалғаны жасының кішілігіне байланысты ауыр жазаға тартылмай, екеуінің жасы 11-ге толмағандықтан олар ювеналдық полицияға есепке алынған.

Сонымен қатар, үш оқушының ата-аналарының ата-аналық құқықтарынан айыру туралы ұсыныс жасалған. Сондай-ақ, жасөспірімдер оқыған білім мекемелерінің басшыларына қатысты тәртіптік шаралар қабылданып, бір мектеп директоры жұмыстан босатылды.

Құқық қорғау органдары оқиға мән-жайларын тергеп жатыр. Билік өкілдері жасөспірімдерді тәрбиелеу мен олардың мінез-құлқына бақылауды күшейтудің қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Бұған дейін, қазақстандықтар зардап шеккен балаға пәтер сатып алу үшін үш күн ішінде 35 миллион теңге жинаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03