Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Полицейлер жарылғыш заттар туралы жалған ақпарат тарату жазаны көздейтінін еске салады

970 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Астана аумағында мұндай 9 оқиға тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полицейлер жарылғыш заттар туралы жалған ақпарат тарату жазаны көздейтінін еске салады

Барлық факті бойынша тұтқындалғандар бас бостандығынан айыру жазасының әр түрлі мерзіміне кесілді. Бұдан бөлек, зиянкестер материалдық шығынды өтеуі тиіс. Астана қаласы полиция департаментінің мәліметтеріне қарағанда, терроризм актісі туралы жалған хабар беру ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейінгі айыппұл төлеу немесе бес жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.  

«Қылмыстың аталмыш түрі қоғамдық резонанс тудырады. Мұндай қылмысқа алкогольді ішімдік ішкен ересектер немесе жасөспірімдер барады. Жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабар келген бойда оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері жетіп, жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіледі»,– деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметінде.