Парламент • 06 Наурыз, 2019

Астанада биыл 15 адам ашық құдыққа түсіп кеткен

871 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Симонов Мәжіліс отырысында Премьер-министр Асқар Маминге қойған сауалында айтты.

Астанада биыл 15 адам ашық құдыққа түсіп кеткен

Сонымен қатар Сергей Симонов кәріз құдықтарының қақпаларының ұрлануын варварлық екенін айтып, бұл проблеманың 2000-жылдардың басында қалай шешілгенін айтып берді. «2000-жылдардың басында кәріз құдықтарының қақпалары, телекоммуникациялық сымдар, су құбырлары жаппай ұрланатын. Сол кезде Үкімет түрлі-түсті және қара металдарды өткізуді заң деңгейінде реттей алатын шаралар қабылдады. Нәтижесінде ондай жағдайлар аз болды. Алайда 20 жыл өткен соң мұндай ұрлықтар қайта жасала бастады, салдарынан қайғылы жағдайлар болып жатыр» деді депутат.

«Астанада 2018 жылы қақпасыз жатқан люктер жайлы 2 800 өтініш келіп түскен. 21 адам құдыққа түсіп кеткен, 1 адам қаза болды. Ал 2019 жылдың екі айының өзінде 500 шағым түсті, 15 адам құлап кетті және бір адам қаза болды», деді ол.

Оның айтуынша, елімізде металл қабылдау және өткізу орындарының қызметі реттелмеген. Сондықтан ол жоғарыда айтылғандарды заңға тәуелді актілер деңгейінде реттеуді сұрады.