Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

85 әлеуметтік нысанды терможаңғырту жылына 400 млн теңге үнемдейді

891 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов елімізде энергияны үнемдеу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

85 әлеуметтік нысанды терможаңғырту жылына 400 млн теңге үнемдейді

«Елімізде қазірдің өзінде энергия үнемдеу бойынша жаңа технологияларды енгізген электролизді, алюминді ірі зауыттар бар. Энергия тиімділігіне бағытталған тың жобалардың арқасында 2012-2018 жылдар аралығында елімізде 200 млрд теңге қаражат үнемделді. Егер әлеуметтік нысандардың термомодернизациялары іске асырылатын болса - 85 нысан бойынша біз жылына 400 млн теңгені  үнемдей алар едік», - дейді Бауыржан Смағұлов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бақытбек Смағұлов сонымен бірге, энергия үнемдеудің мемлекеттік саясатын іске асыруда институттың рөлі туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, қазірдің өзінде 85 әлеуметтік нысан таңдалынып, соның ішінде 42 мектеп, 23 балабақша, 12 медициналық мекеме, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 8 көше жарықтандыруы бойынша энергия тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

«Энергетикалық мониторинг нәтижесі бойынша, жылумен жабдықтауға арналған жыл сайынғы үнемдеудің орташа мөлшері 30 пайызды, ал электр энергиясына 15 пайызды құрады. Мәселен, Қарағандыда №17 орта мектепте энергия тұтынудың жалпы көлемі жылына 19 пайыз болды. Әулиекөл орталық ауруханасында жаңғырту жылына 17 млн теңгеден астам коммуналдық шығынды қысқатуға мүмкіндік берді. Қарағанды облысындағы Саран қаласында 212 көше жарықтандыру аспаптарын алмастырғаннан кейін жыл сайынғы жоғары үнем мөлшері шамамен 60 пайызға жетті. Ол үнемді ақшаға есептегенде 1,8 млн теңге», - дейді ол.