28 Ақпан, 2012

Сирияда референдум өтті

316 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Сирияда референдум өтті

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:26

Сирияда жаңа конституцияның жобасы бойынша ұйымдастырылғанреферендум өз дәрежесінде өтті деп мойындалды.

Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Мохаммад Аш-Шаар хабарлаған. Оның айтуынша,  елдің көптеген ауданда­рын­да жаңа конституцияны қабылдау бойынша дауыс беру үде­рісі қалыпты өтіп, азаматтар референдумға белсенді қатыс­қан. Нәтижесінде сайлаушылардың референдумға келуі жеткі­лікті деңгейде жоғары пайызды құрап отыр. Референдум өткі­зу туралы бастаманы президент Башар Асад көтерген болатын. Дегенмен, оппозиция оны қолдамай отыр. Ал референ­думға қатысушылардың дені жаңа конституция қабылдаудың маңыздылығын атап көрсетуде.

 

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:26

Сирияда жаңа конституцияның жобасы бойынша ұйымдастырылғанреферендум өз дәрежесінде өтті деп мойындалды.

Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Мохаммад Аш-Шаар хабарлаған. Оның айтуынша,  елдің көптеген ауданда­рын­да жаңа конституцияны қабылдау бойынша дауыс беру үде­рісі қалыпты өтіп, азаматтар референдумға белсенді қатыс­қан. Нәтижесінде сайлаушылардың референдумға келуі жеткі­лікті деңгейде жоғары пайызды құрап отыр. Референдум өткі­зу туралы бастаманы президент Башар Асад көтерген болатын. Дегенмен, оппозиция оны қолдамай отыр. Ал референ­думға қатысушылардың дені жаңа конституция қабылдаудың маңыздылығын атап көрсетуде.

АХУАЛДЫҢ ТЫНЫШТАЛҒАНЫН КҮТПЕК

Ауғанстанда АҚШ армиясы әскери қыз­метшілерінің Құранның бірнеше данасын өртеуіне байланысты туындаған ан­ти­америкалық ереуілдер тоқтамай тұр.

«Талибан» қозғалысы америкалық әске­рилерге қарсы бірнеше терактілер ұйым­дас­тырды. Вашингтон кешірім сұрап та қойды, бірақ Ауғанстан президенті Хамит Карзай Пента­гонның кінә­лілерді жазаға тартуын талап етуде. Ал АҚШ-тың Кабулдағы елшісі Райан Крокер ахуал тынышталғанға дейін америкалық әскерді Ауғанстаннан шығаруды тоқтата тұруға шақырып отыр.

САЛЕХТЫҢ БАСҚАРУ ДӘУІРІ АЯҚТАЛДЫ

Али Абдалла Салех президенттік өкілеттікті өзінің бұрынғы орынбасары Абду Рабби Мансур Хадиге салтанатты түрде тапсырды.

69 жастағы Али Абдалла Салехтың президент лауазымынан өз еркімен кетпегенін еске сала кету қажет. Ол халық­аралық деңгейде қысым көрсетудің және Парсы шығана­ғындағы араб елдерінің араласуынан кейін осындай қадамға мәжбүр болып отыр. 21 ақпан күні Йеменде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтіп, онда жеңіске жеткен Абду Рабби Мансур Хади 25 ақпанда мемлекеттің жаңа басшысы ретінде ант қабылдады.

ИЗРАИЛЬ ӘЗЕРБАЙЖАНҒА ҚАРУ-ЖАРАҚ САТПАҚ

Әзербайжан 1,6 миллиард долларға ұшқышсыз ұшатын аппараттар, әуе және зымыран шабуылына қарсы қор­ға­ныс жүйесін сатып алу жөнінде Израильмен келісімге келді.

2011 жылдың наурызында Әзербайжан қорғаныс минис­трлігі мен Израильдің Aeronautics Defense Systems компаниясы құрған бірлескен кәсіпорын Aerostar және Orbiter ұш­қышсыз ұшатын аппараттар шығаруды бастаған болатын. Әзербайжанда ұшқышсыз ұшатын аппараттарды лицензиялы түрде шығару ісі болашақта одан әрі ұлғая түспек деген пікірлер айтылуда.

ҚЫРҒЫЗСТАН ҚЫР КӨРСЕТТІ

Ресейдің Орталық Азиядағы шешуші әскери нысаны – Қырғызстандағы авиабазасынан айырылуы мүмкін.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеуді аренда ақысын төлемеді деп кінәлап, базаны жабуы мүмкін екенін е­с­керт­кен. База ресейлік генералитеттің мен­мендігін ғана бейнелеп отыр, аренда ақысы төленбейді, мін­деттемелер орындалмайды, деп түсіндірген ол ойын «Коммерсантъ» басылымына берген сұхбатында. А.Атамбаевтың бұл әрекеті Қырғыз­станның жаңа басшылығынан көп үміт күткен Мәскеу үшін өте тосын жәйт болып отыр. Өйткені, Ресейдің осы елдегі өзге де мүдделеріне қауіп төнуде.

БІРЛЕСКЕН ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУЛАР БАСТАЛДЫ

Оңтүстік Корея мен АҚШ кеше жыл сайынғы кең ауқымды әскери жаттығуларын бастады.

200 мың оңтүстіккореялық және 2000-нан асатын амери­калық әскери қызметшілердің қатысуымен өтетін жаттығулар 30 сәуірге дейін жалғаспақ. Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың мұндай іс-әрекеті ҚХДР тарапынан теріс реакция туғызып отыр. Ресми Пхеньян жаттығуларды «үнсіз соғыс жариялау» деп атаса, Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен шекарадағы  әскери базада болып, шекара бұзылған жағ­дайда қуатты соққы беру жөнінде бұйрық берген.

«КӨЛЕҢКЕЛІ» ХАТТАР ЖАРИЯЛАНУДА

WikiLeaks порталы америкалық Stratfor барлау-сараптау компаниясының электронды хаттарын жариялауды бастады.

WikiLeaks мәліметтеріне сәйкес, 2004-2011 жылдардағы хабарларда Stratfor-дың тыңшылары, төлемақы жүйесі және жұмыстағы психологиялық әдіс-тәсілдер туралы ақпараттар бар. Хаттарда сондай-ақ бизнесмендерден, саясаткерлерден немесе шенеуніктерден алынған тапсырыстардың «өңдеу» үшін жеке адамдарға жеткенге дейінгі тізбектері де көрсе­тілген. Сол сияқты хаттардың бір бөлігінде сайтқа және оның негізін қалаушы Джулиан Ассанджға АҚШ үкіметінің шабуыл жасауға талпынысы да көрініс тапқан.

ТЕМІР ЖОЛДАҒЫ АПАТ

26 ақпан күні Канадада ірі темір жол апаты орын алды.

Канаданың Берлингтон қаласының маңа­йында Ниагара-Фолздан Торонтоға бара жатқан пойыздың екі вагоны рельстен шығып кеткен. Пойызда 75 адам болған көрінеді. Орын алған төтенше жағдай салдарынан темір жолда жұ­мыс істейтін үш адам қаза тапқан. Ал жолаушылар түрлі дәре­жедегі дене жарақаттарын алған. Олардың бір бөлігі әлі де майысып қалған вагондардың ішінде қамауда отыр. Құтқару­шылар болса, адамдарды арнайы техниканың көмегімен босатып алуға талпынуда.

БЕЙБІТ АТОМҒА ӘРКІМ ДЕ ҚҰҚЫЛЫ

Иранмен келіссөз жүргізіп жатқан елдер Теһранның ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану құқын бекітуі тиіс.

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров  баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірген. Иранның МАГАТЭ тарапынан туындаған барлық мәселелерді жапқанын барша да сыныққа сылтау іздемей мойындауы тиіс. Сонымен бірге ол Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге мүше елдерге қатысты құқықтардың бәрінің, соның ішінде ядролық отын өндіру үшін уранды байыту құқы да бар, Иранға да қатысты екенін атап көрсеткен ресейлік министр.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.