
Әзербайжан мәдени орталығы 1995 жылдан бері жұмыс істейді. алғашқылардың бірі болып құрылды. Олар да барлық түркі тілдес халықтар сияқты әз Наурызды ұлттық мереке ретінде бар нақышымен атап өтеді. Әзербайжан ұлттық мәдени орталығының төрағасы Шыңғыс Курбановтың айтуынша, Наурыз мейрамы алдындағы айдың әр сәрсенбісін әзербайжан халқы тіршіліктің төрт құдіреті – су, от , жер және ауаға арнайды екен. Яғни, «Су Чершенбе» - суға арналған сәрсенбі, «Одлу Чершенбе» - отқа арналған сәрсенбі, «Торпаг Чершенбе» - жерге арналған сәрсенбі және «Ахыр Чершенбе» - соңғы сәрсенбі деп аталады. Наным-сенім бойынша бірінші сәрсенбіде су тазарады, кейін кезекпен от және жер жаңарады. Ал соңғы сәрсенбіде ағаштар бүршік жарады. Бұл - қыстың аяқталып, Жаңа жылдың келгенін білдіреді.
«Наурыз» мейрамында салт-дәстүрлерімізді еске аламыз, ұстануға тырысамыз. Солардың бірі– оттан секіру. Отбасының әр мүшесі оттан секіруі керек. От сөнгесін күлін елді мекеннен шығарып тастайды. Бұл - тазарудың белгісі», дейді Шыңғыс Курбанов.
Наурыз мейрамына дайындық барысында жасалатын тағы бір дәстүр - арнайы тағам «сэмэни» әзірлеу. Отбасында молшылық болу үшін бидайды алдын ала ыдыста өсіреді. Өскін жақсы шықса - келер жылы алынатын өнім де мол болмақ. Жалпы, әзербайжан халқы да мерекелік дастарханға аса мән береді. Жеті тағамнан тұратын Наурыз көже әзірлемесе де, міндетті түрде «С» әрпінен басталатын сюд-сүт, сэмэни, сабзи-көкөніс, тағы басқа жеті тағамды дастарқанға қояды. Бұдан басқа үстелде айна, боялған жұмыртқа және балауыз шам болуы қажет. От - жын-шайтаннан қорғайды. Жұмыртқа мен айна ескі жылдың біткенінің және жаңа жылдың алғашқы күнінің белгісі.
Әзірбайжандар да – қазақтар сияқты қонақжай халық. Мереке күндері үй есіктері жабылмайды. Туған-туыстарын, көрші-қолаңды аралап, мейраммен құттықтайды, тәттілерден ауыз тиеді. Жаңа жылды тойлау мерекесі тек 13-күннен кейін ғана аяқталады.
«Наурыз мейрамы - ең көне және салт-дәстүрге бай мерекелердің бірі. Ол - жыл басы, жаңарудың белгісі. Осы мейраммен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Ең алдымен, әрине денсаулық, отбасы амандығын, бақыт, сәттілік тілеймін. Бірлігімізден айырмасын, әлемде бейбітшілік болсын», - дейді әзірбайжан ұлтының өкілі Шыңғыс Курбанов.
Әзірбайжан ұлттық мәдени орталығының мүшелері облыста, Петропавл қаласында өтетін шаралардан қалыс қалмайды. Жыл сайын дәстүрлі түрде әзірбайжан ұлттық мәдениетінің фестивалін ұйымдастырып, облыс орталығында өтетін Наурыз мерекесіне де белсене қатысады. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарын көктем мерекесінде ән-би, мол дастарқанмен қарсы алмақ болып, қызу дайындалуда.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар