Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында жарыс өтті

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылының тұрғыны Орал Қасиет өткен жылы кәсіпкерлерді қолдау жылында «Өзіңе өзің сене біл» атты облыстық мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен конкурстың жеңімпазы атанған еді.

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында жарыс өтті

Облыс әкімінің қолынан 1 млн теңге көлемінде қаржысын алған жан «көз қорқақ қол батыр» тәуекелдің адамы екен.

- Әлеуметтік желілердегі қолдан жасалатын бұйымдарға қызығушылық танытып, уақытты бос өткізбес үшін бессерден, моншақтан, түрлі-түсті қағаздан жасалған бұйымдарды жасауға бел будым,- дейді ол. -Ең алғашқы жасаған бұйымым әкемнің туылған күніне жасалған бұйымым еді.

Аудан әкімі тарапынан бірнеше рет қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, өз қолыммен жасалған бұйымдарымды көпшілікке ұсынуға мүмкіндік болды.

Мен мүмкіндігім шектеулі деп мойыған емеспін, әр күнімді қызықты өткізуге тырысамын.

Әр адамның басында қиыншылық болады. Тек, соған мойынсынбау, басынды тік көтеріп, тағдырдың сынағын қабыл алу мықты адамның ғана қолынан келеді деп ойлаймын. Менде сол мықтылардың қатарынан көрінсем деп болашағым үшін күресіп келемін.

Қиыншылыққа мойымай, өз кәсібін тапқан жан өзі сияқты азаматтарды кәсіпкерлікте бағын сынауға шақырады.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы