Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Теміржолшылар Павлодар- Астана учаскесінде адамдарды қар құрсауынан құтқарды

993 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ерейментау учаскесіне қызмет көрсететін теміржол кәсіпорындарының жұмысшылары ауа райының күрт құбылуынан Астана мен Павлодар автожолында тұрып қалғандарға көмекке келді.

Теміржолшылар Павлодар- Астана учаскесінде адамдарды қар құрсауынан құтқарды

Азаматтық қорғаныс органдарымен бірлесе жедел шаралар қабылданды. Екібастұз жол дистанциясы мен электрменжабдықтау дистанциясының қызметкерлері Ерейментау, Үленті жаққа аттандырылып, сыйымдылығы 30 адамдық (вахталық) КамАЗ, Газ -66 автокөліктері жұмылдырылды.

Қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық қызметтері ерекше жағдайда жұмыс істеуін жалғастыруда. Автожолдарда ұйытқи соққан боран мен көру мүмкіндігі шектелген жағдайда теміржолшылар пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп келеді.  Астана – Екібастұз учаскесінде түнде 50 тарта адам жолды қардан аршыды.

Толықтай алғанда теміржол желісінде тәулік ішінде шамамен 1400 адам жұмыс істеп, 60 астам қартазарту және қараршу техникалары жұмылдырылды.

Жолдарды қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.