Технология • 06 Наурыз, 2019

«Ұлы Дала алтындары» Мәскеуде көрмеге қойылды

824 реткөрсетілді

 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі мен Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің бірлескен жұмысы арқасында Мәскеу тұрғындары Қазақ тарихына қатысты археологиялық қазба мұралармен  танысты. «Ұлы Дала алтындары» атты көрме Ресейдің қазіргі заман тарихы музейінде ашылып, оған 25 мыңнан астам экспонат қойылды, деп хабарлайды облыстық ақпарат орталығы.

Шараны ресми түрде ашқан Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов көрменің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

- Ең алдымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке алғысымды білдіремін, - деді елші Иманғали Тасмағамбетов,-біздің даңқты ғалымдарымыз және Ресейдің қазіргі заман тарихы музейіне де көптен көп рахмет! Ежелгі көшпенділердің мұрасымен өзге елдердің мәдени-тарихи байланыстарын да осы көрмеден тамашалауға болады. Бұл орайда Берел, Шілікті, Елеке сазы сияқты Шығыс Қазақстан облысындағы көне ескерткіштердің алатын орны зор деуге болады.

Шығыс Қазақстан облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларына орай ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазақстан осы арқылы көрші мемлекет Ресеймен тарихи-мәдени сабақтастықтары бар екендіктерін дәлелдеп отыр. Алтын дәуіріндегі Алтын адамның киімдері алтындардан өрнектеліп, зергерлік өнердің жоғары деңгейін паш етеді.

Мәскеудегі көрмеге қазақстандық айтулы археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың алғаш ашқан, ғылымға енгізген жаңалықтары да қойылыпты.

- Қазақстандық археолог ғалымдар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтар облыс әкімі Даниал Ахметовтың ұсынысымен соңғы үш жыл бойы Шығыстың Алтай өңіріне ғылыми экспедициялар жасап, облыстық әкімшіліктің ұзақ жылдарға арналған археологиялық бағдарламасына сәйкес жалықпай еңбек етіп келе жатыр, олар ашқан маңызды жаңалықтар әлемдік тарих ғылымына өлшеусіз үлес қосары сөзсіз,-деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова,-2016-2018 жылдардағы ғылыми ізденістер үшін бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді. Бұл жоба арығарай да жалғасатын болады.

Айта кету керек, көрменің басты көрінісі б. э. дейінгі  VII-VIII ғасырлардағы «Алтын адамның» қайта қалпына келген экспозициясы болды. Бұл Мәскеу халқының ерекше қызығушылығын туды. «Алтын адамды» 2003 жылы Әбдеш Төлеубаев тауып алып, оны әйгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген болатын. Десе де Қырым Алтынбеков Әбдеш Төлеубаевтың ғылыми түрде айтуы-көрсетуімен «Алтын адамды» нақты әу бастағы қалпында жаңғыртқан екен.

Мәскеуге сондай-ақ, Әбдеш Төлеубаевтың 2016 жылы тапқан археологиялық қазба дүниелері де жеткізілді. Бұлар Шілікті өркениетінің еуразиялық кеңістіктегі нағыз бесігі болғандығын дәлелдейді.

Көрмеге келушілер Берел қорғанына табылған Зейнолла Самашевтың қазбаларымен де таныса алды. Әсіресе, Берелдегі жылқының барлық жерлеу рәсіміне орай салтанаты туралы б.э. дейінгі IV – III ғасырлардағы салт-дәстүрлерден нақты мәлімет алуға болады. Ғалым Зейнолла Самашевтың берген кеңестері арқылы бұл жылқы малын Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Қалиолла Ахметжан қалпына келтірген екен.

Көрменің сенсациялық ашылуы Елеке сазындағы дәулетті адамның жерленуінен табылған рәсімдер болып отыр.  Бұл жаңадан табылған «Алтын адамды» антропологиялық және морфологиялық зерттеуге мүмкіндік берері сөзсіз.  

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

«Егемен ҚАЗАҚСТАН»

Семей

Соңғы жаңалықтар

Негізгі ұғымдар жүйеленеді

Саясат • Бүгін, 08:43

Тиімді диологқа жол ашады

Саясат • Бүгін, 08:37

Қоғам мүддесін ойлаған құжат

Саясат • Бүгін, 08:33

Жарысты 8 жүлдемен аяқтады

Спорт • Бүгін, 08:29

Ақпанның бораны ашулы

Аймақтар • Бүгін, 08:26

Өткен ғасыр өрнегі

Таным • Бүгін, 08:25

Үшінші рет финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 08:24

Сөз сойыл №89

Руханият • Бүгін, 08:02

10 жыл субсидияланған саланың жыры

Экономика • Бүгін, 07:53

Жемістен чипс жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Сөздің құны мен құдіреті

Руханият • Бүгін, 07:46

Бағаны ауыздықтаудың амалы

Үкімет • Бүгін, 07:44

Мақамы мәшһүр Маңғыстау

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Саят атының сыны мен бабы

Қоғам • Бүгін, 07:23

Қаламы семсер серке еді

Таным • Бүгін, 07:20

Өзі де, сөзі де сұлу

Руханият • Бүгін, 07:15

Ұқсас жаңалықтар