- Сәуір айында орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап, содан кейін «Локомотив» стадионын күрделі жөндеуден өткіземіз. Біз - үш кәсіби футбол лигасында өнер көрсететін командалары бар елдегі аз ғана облыстардың біріміз. «Қайсар» - Премьер лигада, «Байқоңыр» – бірінші лигада, «Қайсардың» жастар командасы - екінші лигада. Бұл жас футболшылар үшін кезең - кезеңімен ең беделді деңгейге көтерілу үлгісі, ал біз үшін - аймақтың басты командасы мен ел құрамасындағы жергілікті жігіттердің санын барынша арттыру мүмкіндігі, - деді облыс әкімі.
Былтыр «Қайсар» Қазақстан,чемпионатының қорытындысы бойынша 5-орынды иеленген болатын. Ал «Байқоңыр» командасы бірінші лига командалары арасындағы біріншілікте жақсы өнер көрсетті.
Кездесу барысында «Қайсар» ойыншыларының жаңа киім үлгісі таныстырылды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы