Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Өнер ортақ: музейлер мен концерттерге бару үшін жеңілдіктер

1067 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан және басқа да әлеуметтік осал санаттағы балалар мұражайлар мен концерттерге  тегін бара алады деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Өнер ортақ: музейлер мен концерттерге бару үшін жеңілдіктер

Жеңілдікке кімнің құқығы бар және оны қалай пайдалануға болатынын елордалық Мәдениет және спорт басқармасында айтып берді.

«Алжир» мұражай-мемориалдық кешені

Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және жетім балалар үшін мұражайда экскурсия тегін жүргізіледі. Жеңілдікке ие болу үшін қажетті құжаттарды көрсету керек.

Сәкен Сейфуллин мұражайы

Аз қамтамасыз етілген отбасының балалары,  мүмкіндігі шектеулі балалар,  жетім балалар және көпбалалы отбасынан шыққан балалар үшін мұражайда экскурсия тегін жүргізіледі. Жеңілдікке ие болу үшін қажетті құжаттарды көрсету керек. Сәкен Сейфуллин мұражайы, «Атамекен» Қазақстан картасы», «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мүгедек балалармен,  аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасынан шыққан балалармен,  сондай-ақ, «Замандас 21» қорымен, «Отырар» қайырымдылық қорымен,  зорлық-зомбылық көру нәтижесінде қиын жағдайға тап болған жандар паналайтын дағдарыс баспана-орталығымен, Астананың арнайы түзету мектеп-интернатымен, балалар үйімен, «Жас Ұлан» республикалық мектебімен,  №17, 30, 41, 63  орта мектептерімен, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсеті орталығымен, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысымен және басқа да ұйымдармен бірге жұмыс жасайды. Мұражайларда тегін экскурсиялар жүргізіліп, жаңа жылдық сыйлықтар таратылып, қайырымдылық көмектер көрсетілген. Мұражайды тамашалап және көмекке ие болған адамдардың жалпы саны – 10 601.

Астана  қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы

Астананың  Мемлекеттік филармониясы өткізетін концерттерге кіру – ардагерлер,  зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін. 11 өнер ұжымынан құралған Астана  қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы өзінің тығыз жұмыс кестесінің арасында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесіп, оларды өнерге баулуға уақыт табады. Түрлі бағыттағы концерттермен осы ұжым және оның жеке орындаушылары балалар үйіне, «Үміт» дағдарыс орталығына,  мамандандырылған балалар үйіне барып шықты.

Бейбітшілік және Келісім сарайы

Сарай бойынша ересек адам үшін кешенді экскурсия 1000 тг, ал 10 адамнан тұратын топқа – 800 тг, егер 10 адамнан көп топ болса – 500 тг, тиісті құжаттарды ұсынған кезде ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына, мектеп жасына дейінгі балалар, жетім балалар, көпбалалы аналар мен Ауған соғысына қатысқандарға кіру тегін.

Тәуелсіздік сарайы

 «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК –сі келушілерде дүйсенбі күннен басқа барлық күнде сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін күн сайын қабылдайды. Бір билет құны – 400 тг (гид, Сарай бойынша , Астана макет залы, барлық көрмелер бойынша серуен кіреді); 5-12 жас аралығындағы балалар үшін билет құны – 300 тг (гид, Сарай бойынша , Астана макет залы, барлық көрмелер бойынша серуен кіреді); 4D-кинотеатр залына билет құны: ересектер үшін – 400 тг, балалар үшін- 300 тг. 5 жасқа дейінгі балаларға, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, Ауғанстандағы ұрыс-қимылдарға қатысушылар, 1986-1987 ж.ж Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар (растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда) тегін кіреді. Қазіргі заман өнер галереясын көру тегін. Ұзақтығы 30-30 минут. Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және Келісім сарайы балалармен мүмкіндігі шектеулі балаларға,  аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларға баса назар аударып, қайырымдылық экскурсиялар, көрме-лекциялар, балаларға арналған қойылымдар, шеберлік-сыныптар, қуыршақтар тігу, сурет салу, суреттер мен жұмсақ ойыншықтар жасау, киізден бұйымдар және мультфильм, интерактивті ойындар, спорттық ойындар, жарыстар және тағы басқа көрсетеді. Қайырымдылық шарасы аясында музейге 7372 адам келген.