Аймақтар • 07 Наурыз, 2019

Жұмыспен қамту мәселелеріне маңыз берілді

911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Сыр өңіріндегі жұмыс бабындағы сапары аясында Қызылорда қаласындағы қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, халықты еңбекке тартудағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыспен қамту мәселелеріне маңыз берілді

Мұнда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан игі істер туралы сенаторларға жан-жақты ақпарат берілді. Сенаторлар «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер туралы жан-жақты түсіндіріп, алдағы межелерге тоқталды.

Сенаторлардың сапары Шиелі және Жаңақорған аудандарында одан әрі жалғасты. Аймақтағы цемент зауытында, аурухана мен аудандық клубта, халыққа қызмет көрсету орталығында, орта мектепте және жұмыспен қамту орталығында болған кезде еңбек ұжымдарымен кездесулер болып, көп балалы табысы аз отбасыларға әлеуметтік көмек, зейнетақы мен жәрдемақы мәселелері талқыланды.

Сенат депутаттары кездесуге келген көпшілікті алаңдатқан мәселелерді мұқият тыңдап, көтерілген әрбір сұрақтардың тыңғылықты қаралып, тиісті көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Депутаттармен халық арасындағы байланыс жақсы деңгейде өтіп, қажетті ақпараттар берілді.