Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

Алматыда таэквондодан жарыс өтуде

1340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда таэквондодан балалар мен жасөспірімдер арасында ITF халықаралық турнирі өтуде. Бұл жарыста Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның спортшылары бақ сынауда.

Алматыда таэквондодан жарыс өтуде

Айтулы жарысты Дәурен Нұрғалиев басқаратын Алматы қалалық таэквондо федерациясы ұйымдастыруда. Ол өз командасының жеңіске жететініне сенімді. «Бізде балалар мен жасөспірімдер командасы өте мықты. Қазасқтанда біздің өрендер үздіктердің көшін бастап тұр. Сол себепті де осы турнирге Өзбекстан мен Тәжікстан құрамаларын шақырттық. Оларда да күшті мектеп қалыпасқан. Келешекте осы жарысты дәстүрлі түрде өткізуде көздейміз», – деп Нұрғалиев мырза өз ойымен бөлісті.

Жарыста қазылық ететін төрешілердің де халықараралық аренада беделі зор. Олардың қатарында Ресейдің ITFтаэквондо федерациясының вице-президенті Сергей Коллонтаев бар.Ол – ардагерлер арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Құрметті мейман жекпе-жек өнерімен өмір бойы шұғылдануға болатынына сенімді.

– Таэквондо адамның физикалық та, рухани тұрғыдан да дамуына үлкен септігін тигізеді. Осы өнер арқылы күшті және қуатты бола аласыз. Сонымен қатар, адамның ерік-жігерін де қалыптастырады. Спортпен шұғылдану арқылы әрқайсымыз өмірде табысқа жеткен адамдармен араласып, көптеген достар табамыз. Спорттың осы түрі арқылы қиындықтарды жеңіп, өмірге деген құшртарлығымыз арта түседі, – дейді Сергей Коллонтаев

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»