Жалқауларды жақтырмайтын бал арасы адамды еңбекқорлыққа үндейді, тазалықты талап етеді. Омарташыдан жағымсыз иістер шығып тұрса, аралар оны шағады екен. Жалпы бал арасының адам баласына үлгі етерліктей қасиеті көп, соның кейбірін көп балалы Гүлшад ананың бойынан да тапқандай болдық. Еңбекқор ана ұл-қыздарының да жалқау болғанын қаламайды, қиындыққа мойымай алға ұмтылады, табандылық пен адалдық, жүктелген жұмыс қалтқысыз, уақытында орындалады...

Сегіз ұл-қызы бар Гүлшад ана отағасы Талғат екеуі бал арасын өсірумен айналысып келеді. Балалардың алтауы мектепте, екеуі балабақшада. Ананың айтуынша, балаларға тәулік бойы көңіл бөлу керек, қамқорлыққа алу, заман талабына сай тәрбиелеу сынды ата-аналық міндет те үзіліссіз жүргізілуі тиіс. «Ал енді бал арасы да балаға қарағандай ғой, тазалығы, дәріленуі, қоректендіру, дер мезгілінде жасалуы тиіс күтімі бар. Үлгеріп жатырмыз. Әрине сегіз ұл-қыздың тәрбиесі бірінші кезекте, олар мектепте, балабақшада болған уақытты бал арасына арнаймыз. Балалар оқудан тыс уақытында көмектесіп, еңбек әліппесін үйренуде. Көп балалы анамын деп, тек мемлекеттің көмегіне сеніп, бос отырғым жоқ. Балаларға беріліп жатқан жәрдемақылардың көмегі бар, әрине. Бірақ ұл-қыздарымның ертеңіне сенімді болуы, қатарынан қалмауы үшін қарап отырмай бар мүмкіндікті пайдалануымыз қажет», деді Гүлшад ана бізбен әңгімесінде.
Көп балалы ананың көпшілікке айта бермейтін, жария еткенді қаламайтын бір құпиясы бар. Ілгеріде жасалған операциядан кейін жүре алмай, мүгедек болып қалған. Дегенмен балаларының болашағына алаңдаған ана тағдырдың бұл сынына сынбаған, төзімділік пен өмірге құштарлық демеу болып алға жетелеген. Отағасы Талғат та үй шаруасына көмектесіп, ананың аяққа тұруы үшін барлық жағдайды жасап бақты. Бүгінде Гүлшад ана балдаққа сүйеніп, бар күш-жігерін балаларының да, бал арасының да күтіміне арнап, жағдайларын жасап жүр.
Кейіпкеріміз өмір сүріп жатқан Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округіне қарасты Сырлысай ауылының табиғаты тамаша, адамдары еңбекқор. Ауылдың оң жақ тұсы бау-бақша, сол жақ бөлігін биік қыраттар қоршап тұр. Бүгінде ауыл тұрғындары бау-бақшамен қатар бал арасын өсірудің де қыр-сырын меңгере бастапты. Иә, Гүлшад ана да бұрын қазақтың ебі жоқ сияқты көрінетін кәдімгі омарташылықты қолға алған. Бұл орайда оған «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының жергілікті өкілдері қолдау көрсетіпті. Несие алу, кәсіп ашу жолдары бойынша кеңес берген. Сөйтіп, Сырлысайдың тұрғыны Гүлшад Вафаева «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жеңілдікпен берген 3 млн теңге несиеге 100 ұялы бал арасын сатып алады. Оған екі отбасылық 50 омартаны (жәшік) тағы қосады. «Несиені былтыр тамыздың басында алдық. Аралар әлі бал бере қойған жоқ. Осы көктемде көкке, таудың гүл бөктеріне жайыла бастады. Биыл бұйырған несібемізді алғалы отырмыз», дейді Гүлшад Фархадқызы.
Гүлшад пен жұбайы Талғат Расулов Сырлысайға Өзбекстаннан 2008 жылы көшіп келген екен. Бал арасын өсірудің қыр-сырын көрші елде меңгерген. Алдымен бірнеше ұялы омарта алған отбасы біртіндеп оның санын 10, 20-ға дейін көбейткен. Ал атажұртқа қоныс аударғанда бал арасын екі ел арасындағы кеденнен алып өтуде көптеген кедергілерге тап болған Гүлшад пен Талғат отбасылық бизнесті біраз уақытқа тоқтатты. «Өзбекстанмен шекарада орналасқан Сырлысай ауылы – жаңадан құрылған елді мекен. Мұнда көшіп келген соң үй салып, балаларды аяқтан тұрғызып алу керек болды. Біраз уақытты осындай тұрмыстық мәселелерді шешуге жұмсадық. Енді міне, қайтадан өзімізге ыңғайлы кәсіпті қолға алып жатырмыз.
Бал арасын өсіру оңай емес. Негізінен өзім айналысамын, сондай-ақ үлкен ұлым Асылбек көмектеседі. Ұлдан кейінгі төрт қызым үй шаруасына қолғабыс жасайды. Қыздардан кейінгі үш ұл әлі кішкентай. Барлығы үй шаруасына араласып, қолдарынан келгенінше көмектеседі», дейді көп балалы ана.
Емдік қасиеті мол балға, әсіресе оның таза табиғи түріне сұраныстың артып отырғанын ескерген Гүлшад ананың ертеңгі күннен күтері көп, жоспар-жобалары да жетерлік. Сапалы бал іздеп, Сырлысайға арнайы атбасын бұратындардың көбейе түсетінінен де үмітті.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Egemen Qazaqstan»
Түркістан облысы
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды
Аймақтар • Бүгін, 08:43
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Коронавирус • Бүгін, 08:35
Медицина • Бүгін, 08:34
Оқу үдерісін қазақшалауға қосқан үлесі зор
Білім • Бүгін, 08:32
Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса
Медицина • Бүгін, 08:31
Көмбедегі көне күй күмбірлейді
Өнер • Бүгін, 08:27
Қазақстан • Бүгін, 08:26
Руханият • Бүгін, 08:25
Білім • Бүгін, 08:25
Өңірдің өркендеуі – ортақ игілік
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:22
Ұқсас жаңалықтар