Аймақтар • 08 Наурыз, 2019

Орамалға орын бар

1264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында тағылымы мол мәдени шара ұйымдастырды. «Әйел орамалының поэзиясы» атты тақырыппен өтіп жатқан тамаша көрменің төрінен арулардың айнымас серігі – орамалдар мен шәлілер және түрлі бас киімдер орын алды. 

Орамалға орын бар

Шарада модельерлер алуан түрлі бас киімдерді көрермен назарына ұсын­са, стилист-мамандар қы­зы­ғушылық танытқан ке­лушілерге шәлі мен орамалды қалай байлауды, бө­ке­байды қайтіп сәндеп та­ғуды көрсетті.

– Көрмеге мұражай қорының жәдігерлері мен қаламыздың тұрғындары әкелген жеке заттар қойыл­ды. Экспозицияда небір үлгідегі тамаша  орамалдар мен шәлілер бар. Сонымен қатар мұнда Кеңес кезеңінің 60-70-ші жылдардағы ора­мал үлгілері де бар,  –  дей­ді мұражайдың экс­кур­­сиялық-бұқаралық бө­лім меңгерушісі Зәуреш Те­баева. 

Көрмеде, сондай-ақ, «Жа­­ңаның бәрі – ұмы­тыл­ған ескі» тақырыбында көз­дің жауын алған орамалдар тарихынан сыр шерткен көрсетілімі ұй­ым­дастырылды. Бұдан бөлек, көрермендер бұл жерде Қа­рағанды сән және тех­но­логия кол­леджі сту­дент­те­рінің қо­лынан шық­қан қа­зақ­тың сәукеле, кимешек, жау­лық сияқты ұлттық бас киім үлгілерін  тамашалады. 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»

ҚАРАҒАНДЫ