Аймақтар • 08 Наурыз, 2019

30 мыңға жуық ақтөбелік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылатын болады

970 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

         Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров мәлімдеді, деп хабарлайды Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

30 мыңға жуық ақтөбелік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылатын болады

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі туралы бастамасы халықтың әл-ауқатын арттыруға оң әсерін тигізеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 20083-тен 29237 адамға дейін артады.

         Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 3,6 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. «Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың жеке әлеуметтік картасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әрбір отбасы, оның әлеуметтік мәртебесі, өмір сүру жағдайы, сондай-ақ қажеттіліктері талданатын болады. Ауылда тұратын көп балалы отбасыларға отбасылық бизнес құру үшін 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілетін болады», - деді Қайрат Отаров, сонымен қатар өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге 3,9 млрд теңге, қала тұрғындарын 1,1 млрд теңге бағытталатынын айтты.