Аймақтар • 08 Наурыз, 2019

Қарағанды облысының әкімі әйелдер қауымын құттықтады

1069 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай араларында еңбек ардагерлері, өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығының еңбеккерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұстаздар, спортшылар, дәрігерлер, кәсіпкерлер және көпбалалы аналар бар нәзік жандылардың бір тобымен кездесті.

Қарағанды облысының әкімі әйелдер қауымын құттықтады

– Қарағандылық әйелдер біздің болжап болмайтын ауа райымыз сияқты: дала аязындай шыңылтыр және күндей шуақты. Сіздер – еліміздегі ең әдемісіздер. Біздің облыста экономика саласында жұмыс істейтіндердің  64% құрайтын – әйелдер. Бұл дегеніміз – өңіріміздің өркендеуі бірінші кезекте сіздердің еңбектеріңіздің арқасында. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын, – деді әйелдер қауымының алдында сөз сөйлеген облыс әкімі.

Кездесу барысында өңір басшысы Елбасының тапсырмасына сай  көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша облысымызда қолға алынып жатқан кешенді шаруалар турасында айтып берді.

Бұдан кейін Ерлан Қошанов салтанатты жағдайда Зәурен Төлеубай, Валентина Кондаурова, Кәмшат Темірова, Роза Бекмағамбетова, Аян Доспаева, Разия Бегасланова, Гүлден Шакишева және Салима Морозова сынды көпбалалы аналарды мемлекеттік награда – «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.

Кездесу соңында барлық қатысушыларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды