Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда жүрек кеселін алдын алу бағдарламасы жұмыс істейді

1166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Солтүстікқазақстандық дәрігерлер мен IT саласының мамандары «Антиинсульт» деп аталатын мобильдік жүйені ойлап тауып, қазір емдеу мекемелерінде қолданыла бастады.

Солтүстік Қазақстанда жүрек кеселін алдын алу бағдарламасы жұмыс істейді

Жүрек аурулары арасында  ең қатерлісі инфаркт пен инсульттен әлемде жылына  17 миллион адам көз жұмады екен. Оның үлесі  Қазақстанда   үлкен.

Жүрек ауруларының белгілерін алдын ала анықтау мақсатымен өңір дәрігерлері жергілікті IT саласы мамандарымен бірігіп, осыдан екі жыл бұрын ерекше қосымшаны жасап шығаруға кіріскен болатын. Енді оның алғашқы нәтижелері қорытындыланып, оң бағасын алды.

«Профит» жеке кәсіпкерлігінің қолдауымен «Антиинсульт» атты мобильдік жүйені құрастырып,  3-ші қалалық ауруханада сынап көрдік. Құрылғы іске қосылғалы 3,5 мындай адам сынақтан өтіп, жартысына жуығы инсульттің қауіптілігін байқаған. Оның көмегімен кез келген адам өзінің денсаулығын тексере алады. Ол үшін қосымшаны жүктеп, ол арқылы  инсультті анықтайтын тест тапсырса болғаны», дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног.

«PROFit» ЖК басшысының орынбасары Денис Самохиннің айтуынша, тест тапсыру көп уақыт алмайды. Кесел анықталған жағдайда одан айығу, қатерді төмендету жолдары көрсетіледі. Қазір бұл жаңашылдықты одан әрі дамыту жайы ойластырылуда. Болашақта жобаны аудандардағы емдеу мекемелерінде іске қосу жоспарланған.

«Антиинсульт» қосымшасын мобильдік құрылғыдан бөлек, компьтердегі веб-парақша арқылы да пайдалануға болады.  Әзірге мұндай жүйенің елімізде баламасы жоқ.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы