Хоккей • 10 Наурыз, 2019

Универсиада: Қазақстанның хоккейшілері Канаданы ұтты

647 реткөрсетілді

  Ресейдің Красноярск қаласында өті жатқан қысқы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның хоккейшілері Канада құрамасын ұтып, өз тобында бірінші орынды иеленді.

Бірінші кезеңде Антон Некряч пенЕгор Шалапов бір-бір шайбадан салса, үзілістен кейін Еміл Нұрғалиев үшінші голды соқты. Десек те канадалықтар оңайлықпен біріле қоймайтындарын аңғартып, екі мәрте нысананы дәл көздеді. Үшінші кезеңде қос команда бір-бір реттен мергендік танытты. Қазақстан құрамасы сапында тағы да Антон Некряч нәтижелі ойын көрсетті. Есеп – 4:3.

Осы жеңістің арқасында жерлестеріміз өз тобында 15 ұпаймен көш бастады. Екінші орында ­– Канада. Олардың еншісінде 12 үпай бар. Ал үшінші орынды Латвия иеленуде. Олар 9 ұпайды қоржынға салды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар