2018 жылғы 1 маусымда Г. Закарадзені ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті радиоқабылдағышқа жасырылған
937 грамм «жылдамдық», деп аталатын «пиролидиновалерофенон» («пировалерон» психотроптық затының ұқсасы) синтетикалық есірткісін алу кезінде ұстаған болатын.
Тергеу барысында есірткі арнасының ұйымдастырушысы А. Маликов ұсталды, ол психотроптық заттарды кейіннен «Telegram» мобильді қосымшасы (700 жазылманы бар «TURBO4АT» тобында) арқылы Интернет желісінде өткізген.
2019 жылғы 7 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 286-бабы 2-б. 1 және 4-т., 297-бабы 3-б. 3-т. бойынша кінәлі деп танылды. Г. Закарадзе11 жылға, А. Маликов 12 жылға қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды.