Әсіресе, көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар тәжірибесінің қазіргі уақытта жоғары демографиялық өсуді бастан кешіп отырған Тәжікстан үшін маңызы зор. Бұл орайда, Қазақстанда ауылдарды дамытуға 2019-2021 жылдарға қомақты қаржы бөлінуі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша серпін береді. Бұл, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайтуға, ауыл жастарының келешегін айқындау тұрғысында ерекше маңызды деп ойлаймын.
Осы арада айта кетейін, қазақстандық «Нұр Отан» партиясы өзінің 20 жылдық тарихында көптеген игі істердің жүзеге асуына атсалысып келеді. Алдағы уақытта да ел Президенті белгілеген міндеттерді орындау ісінде белсенділік көрсете береді деп сенемін.
Виктор ДУБОВИЦКИЙ,
А.Дониш атындағы Тарих, археология және этнография институтының ғалымы, тарих ғылымдарының докторы