Нақты айтқанда, оның көлемі 20 789 теңге болмақ. Ал ондай көмекті төрт және одан көп баласы бар отбасылар алады. Бұл, расында, үлкен көмек. Онан соң тағы бір қуаныш, көп балаларға арналып, 40 мың пәтер салынбақ. Оған қоса ипотека бойынша жеңілдікпен несие берілмек. Ал бұрын осындай көмектер болып па еді, әрине жоқ.
Бұл съезден тағы бір аңғарғанымыз, қазір кейбір ірі қалалар маңында халық көп шоғырланған жерлер аз емес. Бірақ онда не электр жарығы, не орталықтан берілетін жылу, су, т.б. жоқ. Міне, осы жерлердің жағдайын жақсарту қолға алынбақ. Ал ең бастысы, ауылдарымыздың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы артатыны болып отыр. Съездің де негізгі бағыты халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсарту ғой. Ауылдарға қатынайтын жергілікті жолдарды жөндеуге 350 млрд теңге бөлінбек. Соған сай, 12 мыңнан аса көлік жолдары қалпына келмек. Демек, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі артқан сайын өркениетті елдермен де тереземіз теңесе түседі.
Бұл қуаныштармен қатар, мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысы да 30 пайызға көтерілмек. Әрине, осындай жақсылықтар өте көп. Соның бәріне 1 трлн-нан астам қаржы жұмсалмақ көрінеді. Бұл қаржылар айналымға түскен соң оның да өзіндік қайтарымы болары сөзсіз. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы жоғары болса, олардың жұмыс сапасы да артады.
Талғат Қалиев,
саясаттанушы