Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024

Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары аудиторлық палата аграрлық салада 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғанын және пайдаланылғанын, сондай-ақ 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген

Фото: Ашық дереккөз

«Жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді», деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілген.

«Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің барлық ұсынысы Үкіметке берілген ұсынымдарда және мемлекеттік органдарға берілген тапсырмаларда ескерілді. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша бірлесе жұмыс істеп, жан-жақты қарастырғаны үшін Мәжіліс депутаттарына алғыс айтамыз», деді Ә.Смайылов.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы субсидиялаудың қарапайым және айқын алгоритмі қажет екенін атап өтті.

«Саланың стратегиялық құжаттарын іске асыруға бөлінетін қаражаттың әсерін барынша арттыратындай етіп субсидиялар тізбесін қайта қарау қажет. Субсидиялар өнімділікті арттыруға және озық агротехнологияларды енгізуге ынталандыруы тиіс.Сала субъектілеріне кредит беру, сақтандыру мүмкіндіктерін және басқа да қолдау құралдарын кеңейту қажет екені анық. Мысалы, фермерде кепіл мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік даму институттары тарапынан кепілдік беру маңызды», деді Ә.Смайылов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025