Қаржы • 12 Наурыз, 2019

АХҚО қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 51-ші орынды иеленді

1073 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 102-ден 51-ші орынға көтерілді. Бұл 2018 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 37 позицияға жоғары, деп хабарлады Kapital.kz.

АХҚО қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 51-ші орынды иеленді

GFCI рейтингі онлайн-сауалнамадан қаржы орталықтарының 29 мыңнан астам бағалауының негізінде жасалады. Дүниежүзілік банк, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сынды тағы да басқа ұйымдардың 130-дан астам макроэкономикалық көрсеткіштерін ескереді.

GFCI «іскерлік орта», «қаржы секторын дамыту», «инфрақұрылым факторлары», «адами капитал», «бедел және жалпы факторлар»сияқты критерийлерді қамтиды.

Рейтингтің объективтілігі үшін қаржы орталығын бағалау кезінде респонденттердің — шетелдік қаржы нарықтары өкілдерінің пікірі ескеріледі.

Сондай-ақ АХҚО «Шығыс Еуропа және Орталық Азия»аймағының рейтингінде 1-ші орынға ие болды.