Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Құжаты жоқ қырғыз азаматы ұсталды

1011 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Меркелік шекарашылар «Мерке-теміржол» өткізу бекетінде кеше кешкілік  «Бишкек - Мәскеу» бағытындағы № 17 пойыздан 1980 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Құжаты жоқ қырғыз азаматы ұсталды

«Ол тексеруге өзінің 1974 жылы туған ағасының төлқұжатын ұсыныпты. Айтуы бойынша өз төлқұжатын жоғалтып алған» делінген хабарламада.