Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Өскеменге «Хальдор Топсе» тазалау құрылғысы орнатылады

1036 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казцинк» ЖШС-іне қарасты Өскемен металлургия кешені өндірістегі газды тазалайтын құрылғыға жаңа құбыр орнатуды жоспарлап отыр.

Өскеменге «Хальдор Топсе» тазалау құрылғысы орнатылады

«Компания қоршаған ортаның ластанбауына ерекше мән береді. Осы себептен құрылғыларымызды жаңартуды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы «Хальдор Топсе» деп аталатын жаңа құбырды орнату жұмыстарын бастап кеттік. Бұл құрылғы Өскемен металлургия кешені үшін әзірленді. Өскеменге жеткізіліп те қойды. 102 метр құбырдың құны орнату жұмыстарымен қосқанда миллиард теңге шамасында.  Бұл құбырды қазір жұмыс істеп тұрған құбырдың жанына қояды», - дейді «Қазцинк» ЖШС бас экологы Қазтай Тәкеев.

2018 жылдың аяғында кешендегі «Хальдор Топсе» құрылғысына жоспарлы күрделі жөндеу жүргізіліпті. Соның нәтижесінде ауаға шығарылатын зиянды заттар 2017 жылмен салыстырғанда бір мың тоннаға азайыпты. Компания мамандары жаңа құбыр орнатылса 2019 жылы зиянды заттар көлемі тағы да 500 тоннаға төмендеуі мүмкін деп болжам жасауда.

Азамат ҚАСЫМ,

Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН