Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Қостанай облысында ауыр қылмыстар азайған

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылды. 

Қостанай облысында ауыр қылмыстар азайған

Бұрнағы жылға қарағанда 2018 жылы өңірде ауыр қылмыс азайған. Қылмыстық құқық бұзушылық 7,6 процентке кем тіркелген. Профилактикалық жұмыстардың арқасында облыс өңірінде адам өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, тонау, ақша бопсалау секілді қылмыстар төмендеген.

Сонымен қатар, 2018 жылы облыс өңірінде заңсыз есірткі айналымына қатысты 483 қылмыс тіркелген, оның 126-сы есірткі сату фактісі болған. Заңсыз есірткі саудасынан 66 кг 947 грамм есірткі тәркіленді, оның ішінде есірткінің бірнеше түрі бар. Есірткі қылмыстарының алдын алудағы 2018 жылы басталған жедел-іздестіру жұмыстары сәтті аяқталған. Биыл жыл басынан бастап 1 кг 615 грамм героин партиясы тіркіленген.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»