Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Лисаков қаласында бес қабатты үй өртеніп, бір адам қаза тапты

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

  Кеше кешке Лисаков қаласында №1 шағын аудандағы №2 бес қабатты үйде өрт тұтанған.

Лисаков қаласында бес қабатты үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Өрт сөндіру қызметіне дабыл түсісімен сағат 20.20-да келіп, қызыл жалынды сөндіруге кіріскен. Жалынға оранған үйден 20 адам көшірілген. 5 адам шатыр сатысы арқылы құтқарылған. 1968 жылы туған бір ер адам қаза тапты. 1923 жылы туған қарт әйел түтінге уланып, қазір ауруханада жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімовтың айтуынша, өрттің себебі отқа салдыр-салақ қараудан болуы ықтимал.

Қызыл от қысқа мерзімде ауыздықталған.

 Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай