Премьер-Министр ұсынылып отырған өзгерістерді енгізу халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік бастамаларын іске асырумен байланысты екенін атап өтті.
«Президенттің барлық бастамаларына толық көлемде қаржы бөлініп, жүзеге асырылатын болады» деп Асқар Мамин, алға қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын, нәтижелі және сапасының жоғары болу қажеттігін айтты.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша, тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте заң жобаларын Парламент қарауына енгізу тапсырылды.