Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізетіндер азаймай тұр

859 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстікқазақстандық полицияның кешенді күштерінің жасақтары екі ауысымда партульдік қызмет атқарады.

Солтүстік Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізетіндер азаймай тұр

Басты міндет қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге баса назар аударылып отыр. Өйткені,  жүргіншілер де,  автокөлік иелері  тарапынан да жол ережелерін жиі бұзу фактілері кемімей тұр. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша,  үш күннің ішінде ғана жол жүру ережелерінің 1084 бұзушылығы анықталған. Оның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған 13 жүргізуші ұсталған. Апаттық жағдай туғызғаны үшін 11 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Масаң күйінде  көлік басқарған 9 жүргізуші тоқтатылған.

BMW автомашинасының жүргізушісі басып озу кезінде автобус аялдамасына кіріп кеткен. Салдарынан аялдамада тұрған үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Медициналық куәландыру актісіне көлік иесінің масаң күйде болғаны рәсімделген.    

Жыл басынан бері өңір жолдарында жол жүру ережелерін өрескел түрде  бұзғаны үшін 17 мың 200-ден астам жүргізуші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың  217-сі көлікті масаң күйде жүргізген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы