Білім • 12 Наурыз, 2019

Алғаш рет қазақстандық университет ASIIN халықаралық аккредитациясынан өтті

998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі күні университетті аккредиттеу оның жұмысының алғышарты болып саналады және халықаралық аккредиттеудің алғашқы нәтижелері оның отандық жоғары білім жүйесіне қажеттілігі мен маңызы туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғаш рет қазақстандық университет ASIIN халықаралық аккредитациясынан өтті

2016 жылы Халықаралық IT Университеті сапалы білім беруді ұсыну мақсатында ASIIN (Германия) аккредиттеу агенттігіне өтініш беріп, Қазақстан университеттерінің тарихында тұңғыш рет 5 жылдық халықаралық институционалдық аккредитацияны алды. Айта кеткен жөн, аталған университет ұжымы ASIIN сараптамалық комитеті үшін есепті 2 жыл бойы дайындады. Аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша, ХАТУ институционалдық халықаралық аккредитациядан өткен Қазақстандағы жалғыз университет болды.

ASIIN тексеру процедурасының нәтижелері ХАТУ сапаны анықтау, ресурстарды басқару және құжаттаманың ашықтығы сияқты салалары жетілген деңгейде екендігін көрсетті. Университеттің ректоры Дамир Шыныбековтің айтуынша, ASIIN университеттердің қызмет сапасын бағалайды және еуропалық стандарттар мен критерийлерге сәйкестіктігін мойындайды.

Жалпы, бүгінгі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында әртүрлі,  ашық білім беру бағдарламалары жасалып, әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі артып келеді.