Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Біздің балаларымыз қаншалықты бақытты?

1700 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы және басқа да сұрақтарға енді бірнеше минут ішінде жауап беруге болады! 2018 жылы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бастамашылық еткен жоба шеңберінде әзірленген және Сандж зерттеу орталығы жүргізген балалардың әл-ауқаты индексінің ақпараттық картасына қарау жеткілікті.

Біздің балаларымыз қаншалықты бақытты?

Әлемнің көптеген елдерінде саясаткерлер мен бүкіл қоғамның назарын мемлекет пен қоғам тарапынан шұғыл араласуды талап ететін балалардың мәселелеріне аудару үшін балалардың әл-ауқаты индексін (бұдан әрі – Индекс) пайдаланады. Бұл композиттік көрсеткіш нақты елдердегі балалардың әл-ауқатын бағалау үшін, сондай-ақ еларалық салыстыру үшін қолданылады.

Қазақстан ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылы индексті әзірлеуге кірісті. Халықаралық және қазақстандық тәжірибені ескере отырып, көрсеткіштер жүйесі әзірленді, ол 2018 жыл ішінде ҚР түрлі министрліктері мен өңірлік ведомстволарының өкілдерімен, елдің үкіметтік емес секторымен, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және ЮНИСЕФ Инноченти (Италия) зерттеу кеңсесінің консультанттарымен талқыланды.

Индексте бала өмірінің негізгі тұстары, атап айтқанда экономикалық жағдай, білім беру, денсаулық және денсаулық сақтау қызметтері, отбасындағы, үйдегі, қоғамдағы, мекемедегі немесе елді мекендегі қауіпсіздігі және әлеуметтендіру көрсетілген.

Жалпы алғанда, егер көрсеткіш бірлікке жақын болса, неғұрлым қолайлы болып саналады, «0» балл – бұл балалар әл-ауқаты бойынша жағдай нашарлығын білдіреді. Қазақстан бойынша орташа Индекс 0.7 балға тең. Есептеулер нәтижесінде 2018 жылы ең жоғары Индекс Алматы қаласында (0.80), Астана қаласында (0.78) және Қарағанды облысында (0.78) байқалды. Ең төмен көрсеткіштер Қостанай (0.60) және Ақмола (0.65) облыстарында байқалды.

Жүргізілген зерттеу нәтижелерімен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтынан толығырақ танысуға болады.

Елімізде балалардың әл-ауқаты индексін өлшеудің бірінші кезеңі аяқталды. Жұмыс өз жалғасын табады және 2020 жылдан бастап бұл индекс елдің барлық өңірлерінде өлшенетін болады, бұл Қазақстан балаларының жалпы және жекелеген бағыттар бойынша қаншалықты қолайлы екенін анықтауға мүмкіндік береді, балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға, өңірлер мен жекелеген ведомстволардың жетістіктерін салыстыруға және балалардың жағдайы бойынша жағдайды жақсарту жөнінде тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді.