Бүгінде Мемлекет басшысының шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы Жамбыл өңірінде жүйелі жүзеге асуда.

Қазіргі кезде республикадан бастау алған жобаға өңірдегі мектеп директорлары да қолдау көрсетіп келеді. Олар көлемі үлкен кабинеттерін оқушыларға оңтайландырып, босатып беруді бастады. Мәселен, кең кабинеттерін шағын бөлмеге ауыстырған өңірдегі 11 мектеп директорының әрқайсысының жұмыс кабинеттері 40 және 50 шаршы метр аумақты құрайтыны анықталған. Нәтижесінде бірқатар білім ошағының басшылары шағын кабинеттерге көшті.
Мәселен, Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназия директорының аумағы 40 шаршы метр болатын кең кабинеті қазір ағылшын тілі және орыс тілі кабинетіне айналған. Бүгінде 2079 оқушы оқитын бұл білім ошағында сынып тапшылығы көптен бері өзекті мәселе болғандықтан, білім ошағының басшылығы осындай оң қадамға барып отыр.
«Қазіргі кезде қаламызда алпыстан астам мектеп бар. Елбасының шығындарды оңтайландыру туралы тапсырмасына орай атқарылып отырған бұл шаруалар әлі де жалғасын табады. Тек жаңадан салынған мектептердегі директорлардың кабинеттері басында жоспарда солай бекітілгендіктен өзгеріссіз қалады» дейді Тараз қалалық Білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті өңірдегі бірқатар мекемеге мониторинг жүргізген.
«Өңірде барлығы 446 мектеп бар болса, бүгінге дейін департамент 61 білім мекемесіне мониторинг жүргізді. Қазіргі таңда облыс аумағындағы аудандарда жалғасып жатыр. Алдағы уақытта барлық мектепті қамтитын боламыз» деді департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров.
Хамит ЕСАМАН,
«Egemen Qazagstan»
Жамбыл облысы
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Ұқсас жаңалықтар