15 Мамыр, 2012

Байқаушылар көбейіп келеді

287 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Байқаушылар көбейіп келеді

Сейсенбі, 15 мамыр 2012 7:34

Сириядағыахуалды байқаужөніндегі БҰҰмис­сия­сыныңсаны өткен аптада70-тен 201 адамғадейін көбейді.

11 мамырда Сирияда 145 қарулы байқаушылар және 56 азаматтық сала мамандары жұмыс істей бастады. Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 15 мамырға қарай Сирияда ұйымның 230 әскери байқаушысы болатындығын және айдың соңына таман Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес миссия құрамының толық жасақталатынын айтқан болатын. Ол уақытта мұнда 300 әскери байқаушы мен 100 азаматтық тұлға жұмыс істеуі тиіс.

 

Сейсенбі, 15 мамыр 2012 7:34

Сириядағыахуалды байқаужөніндегі БҰҰмис­сия­сыныңсаны өткен аптада70-тен 201 адамғадейін көбейді.

11 мамырда Сирияда 145 қарулы байқаушылар және 56 азаматтық сала мамандары жұмыс істей бастады. Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 15 мамырға қарай Сирияда ұйымның 230 әскери байқаушысы болатындығын және айдың соңына таман Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес миссия құрамының толық жасақталатынын айтқан болатын. Ол уақытта мұнда 300 әскери байқаушы мен 100 азаматтық тұлға жұмыс істеуі тиіс.

Жауапкершілік ауысуда

Ауғанстанда елдегі қауіпсіздік үшін жауапкершілікті НАТО-ныңкоали­ция­­лық күштерінен ауғандық әске­ри­лер­ге берудің үшіншіфазасы басталды.

Бұл туралы бұрнағы күні ел прези­денті Хамид Карзай мәлімдеген. Қазірдің өзінде үкімет әскерлері 230 өңірді өз бақылау­ла­рына алып отыр. Олардың қатарында «Талибан» қозғалысы­ның тірегі саналатын Кандагар да бар. Сонымен бірге, Ауғанстанда бейбітшілік заман орнады деп айтуға әлі де ерте. Көптеген аудандар күні бүгінге дейін содырлар шабуылына ұшы­рауда. Және елдің ресми адамдары неғұрлым жағдайдың тұрақталғандығы туралы хабарлаған сайын, шабуылдар да солғұрлым күшейе түсуде.

 

Немістер Меркельге қарсы

Христиандық демократтар ең ірі саналатын феде­рал­дық жерде күйрете соққы алды.

Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі ландтаг (парламент) сайлауында 51жастағы Ханнелоре Крафт бастаған оппози­ция­дағы социал-демократтар Ангела Меркель партиясын сенімді түрде жеңіп шықты. Осы арқылы олар феде­­­рацияның ең ірі субъектісіндегі өз жағдайларын ны­ғай­та түсіп отыр. Кезекті сәтсіздік неміс кабинеті басшы­сының бас ауруын одан бетер күшейте түскен сыңайлы. Ол бұған дейін федералдық президент Кристиан Вульфтің отставкаға кетуі мен Ероодақтағы әріптесі Николя Сарко­зидің сайлау­дағы жеңілісін бастан өткерген болатын.

 

Үш ел ынтымақтастықты ұлғайтпақ

13 мамырда Пекинде Оңтүстік Азиядағы үш ел – Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея басшыла­ры­ның кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында үш ел басшылары осы жылдың соңына дейін елдер аума­ғын­­дағы еркін сауда аймағы туралы келіс­сөздер өткізу жөнінде уағдаластыққа келді. Ал ол ұзақ жыл­дарға созылған еңбек пен келіссөздердің әлемдік экономиканың бестен бірін құрайтын елдердің экономикаларын бірігуге әкелуі мүмкін екенін білдіреді. Айта кету керек, бұл аталған үш мемлекет басшылары арасында өтіп отырған үшінші кездесу. Қалай дегенде де, еркін сауда аймағының үш ел үшін де тиімді болары еш күмән туғызбайды.

 

Бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыптады

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы 2011 жылы НАТО Ливияда операциялар жүр­гіз­ген кездегі бейбіт тұрғындар арасындағы шығындар туралы баяндама әзірледі.

Баяндаманы жасаушылардың мәліметтері бойынша, НАТО-ның әуе соққылары салдарынан кем дегенде 72 бейбіт ливиялық, оның ішінде 20 әйел мен 24 бала (бұл категорияға 18 жастан төменгілер енгізілген) қаза тапқан. Мәліметтер бомбаланған аудандарды зерттеу және жергілікті халықпен әңгімелесу нәтижелеріне негізделген көрінеді. Сонымен бірге баяндамада альянстың әлі күнге дейін бейбіт тұрғындардың қаза тапқандығын мойын­дамағандығы және оқиғаға тиісті тергеулер жүргізбегендігі атап көрсетілген.

 

Радикалдар оңбай жеңілді

Алжирде бір блокпен сайлауға түскен үш радикалды исламдық партиялар «зайырлы» саясаткерлерден күйрете жеңіліс тапты.

Сөйтіп «зайырлы» депутаттар 48 орын алған исламистерге қарсы парламентте 288 орынға ие болды. Бұл төңкерістер дүбірлеткен араб әлемінің бүкіл шығыс жағалауы бойынша ерекше оқиға ретінде танылып отыр. Ұялған тек тұрмас дегендей, жеңіліс тапқандар сайлау әділ өткен жоқ, «әкімшілік ресурстар» пайдаланылды деген байбалам салудан да тыс қал­маған сыңайлы. Халықаралық сарапшы­лар­дың бағалауын­­­ша, бұл 11 жыл бойына террорлық әрекет­термен айналысып келген діни фанаттардың халық алдында абыройдан жұрдай болғанын көрсетеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.