Экс-президентті кепілдікке босатты
Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:04
Қамауға алынған Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярды кепіл ретінде тұтқыннан босатты. Ол осы жылдың 13 сәуірінде жемқорлыққа салынған деген күдікпен қамауға алынған еді.
Ақпарат көздеріне қарағанда, Моңғолия билігі экс-президентке ол президент болған кезде мемлекеттік активтерді заңсыз пайдаланды деп айыптайды. Ал оның жақтастары Н.Энхбаярға тағылған айып негізсіз, қамауға алынуына астарында шілдеде өтетін парламент сайлауы себеп болып отыр дейді. Сайлауға экс-президент жетекшілік ететін Моңғолия халық төңкерісі партиясы да қатысуға ниет білдірген көрінеді.
Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:04
Қамауға алынған Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярды кепіл ретінде тұтқыннан босатты. Ол осы жылдың 13 сәуірінде жемқорлыққа салынған деген күдікпен қамауға алынған еді.
Ақпарат көздеріне қарағанда, Моңғолия билігі экс-президентке ол президент болған кезде мемлекеттік активтерді заңсыз пайдаланды деп айыптайды. Ал оның жақтастары Н.Энхбаярға тағылған айып негізсіз, қамауға алынуына астарында шілдеде өтетін парламент сайлауы себеп болып отыр дейді. Сайлауға экс-президент жетекшілік ететін Моңғолия халық төңкерісі партиясы да қатысуға ниет білдірген көрінеді.
Сайланған президент ант берді
Кеше Елисей сарайының алаңында Францияның сайланған президенті Франсуа Олланд француз халқына ант берді. Сайлауда ол Николя Саркозимен президенттік бәсекеге түскен болатын.
«Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, ұлықтау салтанатына экс-президент Николя Саркози де қатысқан және ол билікті сайланған президентке тапсырған. Франсуа Олланд соңғы 17 жылда социалистерден сайланған алғашқы президент болып отыр. Саясаттанушылардың пікірінше, Ф.Олландтың президенттік сайлауда жеңіске жетуі, оның жеке басының танымалдығында емес, бұрынғы президент Н.Саркозидің бірқатар экономикалық қателіктер жіберуінде жатыр.
80 пайызға жаңартылуы мүмкін
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев президент Владимир Путинге үкіметтің құрылымы және үкіметтің жаңа құрамы жөнінде ұсыныспен шықты.
«Интерфакс» агенттігінің ақпараттары бойынша, премьер-министр үкімет мүшелігіне кандидаттардың барлығымен кездесу өткізген. Сондай-ақ ол парламенттік фракциямен болған кездесуде министрлер кабинеті 80 пайызға жаңартылатынын мәлімдеген еді. Соңғы апталарда Ресей үкіметінің құрамына бірқатар жаңа тұлғалардың келуі соны аңғартады.
Экс-министрдің өлі денесі табылды
Өзбекстан астанасы – Ташкентте елдің бұрынғы мәдениет және спорт министрі Анвар Жаббаровтың өлі денесі табылған. Бұл туралы жергілікті «Радио Свобода» хабарлады.
Аталған радиостансаның мәліметтері бойынша, пышақ жарақаттары бар Жаббаровтың денесі көп қабатты үйдің жертөлесінен табылған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, марқұмның мәйіті қаладағы фирмалардың бірінің офисінде жатқан. Ал Жаббаров 8 мамырда із-түзсіз жоғалған көрінеді. Оның өлімі Жаббаровтың Қашқардария облысындағы жерлестерінен келді деген болжамдар айтылуда.
АҚШ тарапының қысымымен
Үндістан 2012-2013 қаржы жылдары Ираннан мұнай сатып алуды 11 пайызға қысқартады. Мұны Үндістан мұнай министрінің орынбасары Джармендр Прадхан хабарлады.
Ресми Нью-Дели осындай шешімге АҚШ тарапының қысымымен келіп отырған сияқты. Өйткені, өткен аптада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Үндістанға барып қайтқан еді. Бұл ел 2011-2012 жылдары Ираннан 10,9 миллиард долларды құрайтын 17,44 миллион тонна мұнай сатып алыпты. Енді оның көлемі едәуір қысқаратын болды.
Билік кек алмаққа уәде берді
Мексика өкіметі денелері Нуэво-Леон штатында табылған 49 адамның өлтірілуін қатаң айыптап отыр.
Мемлекет қауіпсіздіктің ұлттық стратегиясын іске қоса отырып, қылмыстық топтардың қатігез іс-әрекеттеріне жауап береді, деп мәлімдеген елдің бас прокуратурасы. Мәлімдемеде қылмыскерлердің жазалаусыз қалмайтындығы да атап көрсетілген. Әзірге қаза болғандардың кім екендігі анықталған жоқ. Өкімет орын алған қайғылы оқиғаны наркокартельдер арасындағы күреспен байланыстырып отыр. Сөз ретінде бөлшектеніп тасталған дене мүшелерінің АҚШ-пен шекараға жақын жердегі күрежол бойында табылғанын да айта кету керек. Қазір автожол жабылып, тергеу жұмыстары жүруде.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.