19 Мамыр, 2012

Президент өз еңбекақысын қысқартты

386 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Президент өз еңбекақысын қысқартты

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:09

Франция президенті Франсуа Олланд сайлау алдын­да­ғы уәдесінде тұрып, өз еңбекақысын 30 пайызға қысқартты.

Жаңа үкіметтің министрлерінің еңбекақылары да қыс­қаратын болды. Мұндай шешім үкіметтің бірінші отырысында қабылданды. Мемлекет басшысының өкілі және әйелдер құқықтары жөніндегі министр Наджат Валло-Белкасемнің хабарлауынша, бұл маусымдағы парламент сайлауынан соң арнайы заң қабылдауды талап етеді. Заң қабылданғаннан кейін президент еңбекақысы 21,3 мыңнан 14,91 мың еуроға қысқармақ. Ал француздық 34 министр айына 14,2 мыңның орнына 9,94 мың еуро еңбекақы алатын болады. 

 

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:09

Франция президенті Франсуа Олланд сайлау алдын­да­ғы уәдесінде тұрып, өз еңбекақысын 30 пайызға қысқартты.

Жаңа үкіметтің министрлерінің еңбекақылары да қыс­қаратын болды. Мұндай шешім үкіметтің бірінші отырысында қабылданды. Мемлекет басшысының өкілі және әйелдер құқықтары жөніндегі министр Наджат Валло-Белкасемнің хабарлауынша, бұл маусымдағы парламент сайлауынан соң арнайы заң қабылдауды талап етеді. Заң қабылданғаннан кейін президент еңбекақысы 21,3 мыңнан 14,91 мың еуроға қысқармақ. Ал француздық 34 министр айына 14,2 мыңның орнына 9,94 мың еуро еңбекақы алатын болады. 

Бас хатшы «Әл-каиданы» айыптады

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 10 мамырда Дамаскіде орын алған теракт үшін «Әл-Каиданы» айыптады.

Ол жарылыстарды орасан зор, елеулі террорлық шабуыл деп атады. Сонымен бірге, Пан Ги Мун бұл жарылыстардың артында «Әл-Каиданың» тұрғанына с­­­е­німді екенін жеткізген. Оның айтуынша, орын алған жәйт бейбітшілікті сақтау ісінде өте үлкен проблема туындатып отыр. Айта кету керек, 10 мамырда Дамаскіде болған теракт салдарынан 55 адам қаза тауып, 372 адам дене жарақаттарын алған болатын.

 

Ақ нәсілді нәрестелер азаюда

АҚШ-та жаңа дүниеге келген бөбектердің жартысынан астамы нәсілдік және этностық тұрғыда саны аздардың үлесіне тиесілі болып шыққан.

2011 жылдың шілдесіне дейінгі 12 айда туған балалар­дың 50,4 пайызы афроамерикалықтар, латынамери­калық­тар мен азиялықтар немесе аралас отбасыларда туғандар болып табылады. Мұны елде өткен соңғы халық санағы көрсеткен. АҚШ-та бала туу бүтіндей алғанда төмендеу үстінде. Әсіресе ақ нәсілділер арасындағы  бала туу көр­сеткіші тым төмендеп кеткен. Социологтардың пікірінше, оған экономиканың құлдырауы себепкер көрінеді.

 

Жапония өз спутнигін ұшырды

Жапония алғашқы шетелдік спутниктің коммер­циялық ұшуын сәтті жүзеге асырды.

Бұл арқылы ол осы рынокта Еуроодақ пен Ресейге өзінің бәсекелес болатынын сездіріп отыр. Н-2А зымыраны жұма күні жергілікті уақытпен 1 сағат 39 минутте Жапо­ния­ның оңтүстігіндегі Танегасима аралындағы космодромнан ұшырылған. Оңтүстік Кореяға тиесілі спутник Жер орбитасына жапониялық үш спутникті алып шыққан көрі­неді. Бұл оқиға Жапонияның коммерциялық ұшырулар­ды жү­­зеге асыратын елдер клубына қосылғанын көрсетіп отыр.

 

Монархтар Елизаветаны құттықтады

Әлемнің бүкіл патшалық құрушы әулеттерінің өкіл­дері британ ханшайымы Елизавета-ІІ-нің қала сыртын­дағы резиденциясында бас қосты.

Ондағы мақсат – ханшайымды оның 60 жыл тақта отыруымен құттықтау. Өз қонақтарының құрметіне ханшайым салтанатты түскі ас ұйымдастырса, кешкісін Лондондағы Букингем сарайында монархтарға тақ мұрагері Уэльс принці Чарльз кешкі ас бермек. Қонақтардың нақты тізімі белгісіз. Дегенмен, мерейтойға әлемнің 20-дан астам елінің пат­шалық құрушы әулеттерінің өкілдері қатысатыны белгілі болып отыр.

 

Істі қарау кейінге қалдырылды

Бұрынғы Югославия жөніндегі халықаралық трибунал айыптаушы жақ жіберген қателік салдарынан Ратко Младичке қатысты процесті тоқтатуға мәжбүр болды.

Боснялық сербтер армиясының бұрынғы командашысы Р.Младичке 1992-1995 жылдардағы дау-жанжалдар кезінде әскери қылмыс жасады деген айып тағылуда. Сот процесі Гаагада айыптаушы жақтың сөзімен басталған болатын. Дегенмен, прокуратураның қорғаушы жаққа қажетті құжаттарды уақытында бермегені белгілі болып қалған. Сот процесінің белгісіз мерзімге кейінге қалдырылуына да осы жәйт себепкер болған көрінеді.

 

Каримов Саммитке қатыспайтын болды

Өзбекстан президенті Ислам Каримов АҚШ-тың Чикаго қаласында өтетін НАТО саммитіне қатыс­пайтын болды.

Бұл туралы жұма күні Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің өкілі хабарлаған. Әлемнің 60-тан астам  мем­ле­кеттерінің басшылары қатысатын НАТО саммиті 20-21 мамырда Чикагода өтеді. Қазіргі уақытта  саммитке Өзбекс­тан­нан кімнің баратындығы туралы мәселе қаралуда, деп атап көрсеткен баспасөз қызметінің өкілі. Осы ретте НАТО бас хатшысының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өз­бекс­тан президенттеріне саммитке қатысу жөнінде алғаш рет өз атынан шақыру жібергенін де айта кету қажет.

 

Су түбіне кеткен автобус

Вьетнамда болған қайғылы апаттан ондаған адам қаза тапқан.

Жолаушылар толы автобус қатты жыл­­дамдықпен келе жатып көпір жақ­тауына соғылып, одан өзенге құлап кеткен көрінеді. 20 метр тереңдіктегі су тү­біне кеткен автобуста 60 жолаушы бол­ған екен. Кемінде 34 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр. Оның сыртында 21 адам дене жарақаттарын алған. Олардың 16-сының жағдайы өте ауыр. Жергілікті билік апат себептерін тергеуге кірісті.

 Интернет материалдары негізінде әзірленді.